Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #21 Translated in Kazakh

الصَّابِرِينَ وَالصَّادِقِينَ وَالْقَانِتِينَ وَالْمُنْفِقِينَ وَالْمُسْتَغْفِرِينَ بِالْأَسْحَارِ
солар сабыр етушілер, шыншылдар, Аллаһқа берілушілер, мал-дүние жұмсаушылар және сахарда таңсәріде кешірім тілеушілер
شَهِدَ اللَّهُ أَنَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ وَالْمَلَائِكَةُ وَأُولُو الْعِلْمِ قَائِمًا بِالْقِسْطِ ۚ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне Аллаһтың Өзі әрі періштелер және білім иелері де куәлік береді. Ол әділдікті Орнатушы, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол бәрінен Үстем, аса Дана
إِنَّ الدِّينَ عِنْدَ اللَّهِ الْإِسْلَامُ ۗ وَمَا اخْتَلَفَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ إِلَّا مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَهُمُ الْعِلْمُ بَغْيًا بَيْنَهُمْ ۗ وَمَنْ يَكْفُرْ بِآيَاتِ اللَّهِ فَإِنَّ اللَّهَ سَرِيعُ الْحِسَابِ
Ақиқатында, Аллаһтың алдындағы дін Ислам. Кітап берілгендер өздеріне білім келгеннен кейін өзара іштарлық және әділетсіздіктері себебінен ғана қайшылыққа түсті. Кім Аллаһтың аяттарына күпірлік етсе сенбесе, қарсы келсе ақиқатында, Аллаһ есепті жылдам алушы
فَإِنْ حَاجُّوكَ فَقُلْ أَسْلَمْتُ وَجْهِيَ لِلَّهِ وَمَنِ اتَّبَعَنِ ۗ وَقُلْ لِلَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ وَالْأُمِّيِّينَ أَأَسْلَمْتُمْ ۚ فَإِنْ أَسْلَمُوا فَقَدِ اهْتَدَوْا ۖ وَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنَّمَا عَلَيْكَ الْبَلَاغُ ۗ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِالْعِبَادِ
Ей, Мұхаммед! Егер олар сенімен тартысса: «Мен жүзімді Аллаһқа бойсұндырдым әрі маған ергендер де», деп айт. Әрі Кітап берілгендер мен білімсіздерге: «Сендер бойсұндыңдар ма?» де. Егер олар бойсұнса онда тура жолда. Ал теріс айналса, шын мәнінде, саған жеткізу ғана міндет. Аллаһ құлдарын Көруші
إِنَّ الَّذِينَ يَكْفُرُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَيَقْتُلُونَ النَّبِيِّينَ بِغَيْرِ حَقٍّ وَيَقْتُلُونَ الَّذِينَ يَأْمُرُونَ بِالْقِسْطِ مِنَ النَّاسِ فَبَشِّرْهُمْ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Ақиқатында, Аллаһтың аяттарына күпірлік етушілерді сенбей, теріске шығарушыларды , құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтіретін және әділдікке бұйырушы адамдарды өлтіретіндерді күйзелтуші азаппен «қуандыр»

Choose other languages: