Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #151 Translated in Kazakh

وَمَا كَانَ قَوْلَهُمْ إِلَّا أَنْ قَالُوا رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَإِسْرَافَنَا فِي أَمْرِنَا وَثَبِّتْ أَقْدَامَنَا وَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
Олардың сөздері: «Раббымыз! Біздің күнәларымызды және ісіміздегі шек­тен шығуымызды кешір әрі табандарымызды бекіт және кәпірлерге қарсы бізге көмек бер!» деп айтулары ғана болды
فَآتَاهُمُ اللَّهُ ثَوَابَ الدُّنْيَا وَحُسْنَ ثَوَابِ الْآخِرَةِ ۗ وَاللَّهُ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ
Аллаһ оларға осы өмірдің сыйын әрі соңғы, мәңгілік өмір ақирет сыйының ең көркемін берді. Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ تُطِيعُوا الَّذِينَ كَفَرُوا يَرُدُّوكُمْ عَلَىٰ أَعْقَابِكُمْ فَتَنْقَلِبُوا خَاسِرِينَ
Ей, иманға келгендер! Егер күпірлік еткендерге қарсы келгендерге, имансыздарға бағынсаңдар, олар сендерді арттарыңа қайтарады. Сонда зиян шеккендерге айналасыңдар
بَلِ اللَّهُ مَوْلَاكُمْ ۖ وَهُوَ خَيْرُ النَّاصِرِينَ
Ақиқатында, сендердің қамқоршыларың Аллаһ! Ол көмек берушілердің ең қайырлысы
سَنُلْقِي فِي قُلُوبِ الَّذِينَ كَفَرُوا الرُّعْبَ بِمَا أَشْرَكُوا بِاللَّهِ مَا لَمْ يُنَزِّلْ بِهِ سُلْطَانًا ۖ وَمَأْوَاهُمُ النَّارُ ۚ وَبِئْسَ مَثْوَى الظَّالِمِينَ
Аллаһқа серік етіп, Ол ешбір дәлел түсірмеген нәрсені таңғандықтары үшін күпірлік еткендердің Аллаһқа серік қосушылардың! жүректеріне үрей саламыз. Әрі олардың баспанасы От тозақ . Әділетсіздердің тұрағы неткен жаман

Choose other languages: