Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #150 Translated in Kazakh

وَكَأَيِّنْ مِنْ نَبِيٍّ قَاتَلَ مَعَهُ رِبِّيُّونَ كَثِيرٌ فَمَا وَهَنُوا لِمَا أَصَابَهُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَمَا ضَعُفُوا وَمَا اسْتَكَانُوا ۗ وَاللَّهُ يُحِبُّ الصَّابِرِينَ
Қаншама пайғамбар өтті, Раббысына берілген көптеген адамдар олармен бірге соғысты. Олар Аллаһ жолында бастарына түскенге босаңсымады, әлсіздік танытпады және мойымады. Аллаһ сабыр етушілерді жақсы көреді
وَمَا كَانَ قَوْلَهُمْ إِلَّا أَنْ قَالُوا رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَإِسْرَافَنَا فِي أَمْرِنَا وَثَبِّتْ أَقْدَامَنَا وَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
Олардың сөздері: «Раббымыз! Біздің күнәларымызды және ісіміздегі шек­тен шығуымызды кешір әрі табандарымызды бекіт және кәпірлерге қарсы бізге көмек бер!» деп айтулары ғана болды
فَآتَاهُمُ اللَّهُ ثَوَابَ الدُّنْيَا وَحُسْنَ ثَوَابِ الْآخِرَةِ ۗ وَاللَّهُ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ
Аллаһ оларға осы өмірдің сыйын әрі соңғы, мәңгілік өмір ақирет сыйының ең көркемін берді. Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ تُطِيعُوا الَّذِينَ كَفَرُوا يَرُدُّوكُمْ عَلَىٰ أَعْقَابِكُمْ فَتَنْقَلِبُوا خَاسِرِينَ
Ей, иманға келгендер! Егер күпірлік еткендерге қарсы келгендерге, имансыздарға бағынсаңдар, олар сендерді арттарыңа қайтарады. Сонда зиян шеккендерге айналасыңдар
بَلِ اللَّهُ مَوْلَاكُمْ ۖ وَهُوَ خَيْرُ النَّاصِرِينَ
Ақиқатында, сендердің қамқоршыларың Аллаһ! Ол көмек берушілердің ең қайырлысы

Choose other languages: