Surah Aal-E-Imran Ayahs #149 Translated in Kazakh
وَمَا كَانَ لِنَفْسٍ أَنْ تَمُوتَ إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ كِتَابًا مُؤَجَّلًا ۗ وَمَنْ يُرِدْ ثَوَابَ الدُّنْيَا نُؤْتِهِ مِنْهَا وَمَنْ يُرِدْ ثَوَابَ الْآخِرَةِ نُؤْتِهِ مِنْهَا ۚ وَسَنَجْزِي الشَّاكِرِينَ
Әрбір жан тек Аллаһтың рұқсатымен ғана, анық жазылып белгіленген мерзімде өледі. Әрі кім осы өмірдің сыйын қаласа, оған одан береміз. Ал, кім соңғы, мәңгілік өмірдің ақиреттің сыйын қаласа, оған да одан береміз. Әрі Біз шүкір етушілердің I берген игіліктерімізге алғыс білдірушілердің қайтарым сыйын жақында береміз
وَكَأَيِّنْ مِنْ نَبِيٍّ قَاتَلَ مَعَهُ رِبِّيُّونَ كَثِيرٌ فَمَا وَهَنُوا لِمَا أَصَابَهُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَمَا ضَعُفُوا وَمَا اسْتَكَانُوا ۗ وَاللَّهُ يُحِبُّ الصَّابِرِينَ
Қаншама пайғамбар өтті, Раббысына берілген көптеген адамдар олармен бірге соғысты. Олар Аллаһ жолында бастарына түскенге босаңсымады, әлсіздік танытпады және мойымады. Аллаһ сабыр етушілерді жақсы көреді
وَمَا كَانَ قَوْلَهُمْ إِلَّا أَنْ قَالُوا رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَإِسْرَافَنَا فِي أَمْرِنَا وَثَبِّتْ أَقْدَامَنَا وَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
Олардың сөздері: «Раббымыз! Біздің күнәларымызды және ісіміздегі шектен шығуымызды кешір әрі табандарымызды бекіт және кәпірлерге қарсы бізге көмек бер!» деп айтулары ғана болды
فَآتَاهُمُ اللَّهُ ثَوَابَ الدُّنْيَا وَحُسْنَ ثَوَابِ الْآخِرَةِ ۗ وَاللَّهُ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ
Аллаһ оларға осы өмірдің сыйын әрі соңғы, мәңгілік өмір ақирет сыйының ең көркемін берді. Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ تُطِيعُوا الَّذِينَ كَفَرُوا يَرُدُّوكُمْ عَلَىٰ أَعْقَابِكُمْ فَتَنْقَلِبُوا خَاسِرِينَ
Ей, иманға келгендер! Егер күпірлік еткендерге қарсы келгендерге, имансыздарға бағынсаңдар, олар сендерді арттарыңа қайтарады. Сонда зиян шеккендерге айналасыңдар
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
