Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #11 Translated in Kazakh

لَقَدْ كَانَ فِي يُوسُفَ وَإِخْوَتِهِ آيَاتٌ لِلسَّائِلِينَ
Шын мәнінде, Йусуф пен оның бауырларында сұраушылар үшін белгі-ғибраттар бар
إِذْ قَالُوا لَيُوسُفُ وَأَخُوهُ أَحَبُّ إِلَىٰ أَبِينَا مِنَّا وَنَحْنُ عُصْبَةٌ إِنَّ أَبَانَا لَفِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Кезінде олар ағалары : «Біз бір топ болсақ та, Йусуф және оның інісі әкеміз үшін бізден гөрі сүйіктірек. Негізінде, әкеміз анық адасуда», деді
اقْتُلُوا يُوسُفَ أَوِ اطْرَحُوهُ أَرْضًا يَخْلُ لَكُمْ وَجْهُ أَبِيكُمْ وَتَكُونُوا مِنْ بَعْدِهِ قَوْمًا صَالِحِينَ
«Йусуфты өлтіріңдер немесе оны бір жерге апарып тастаңдар. Сонда әкелеріңнің жүзі сендерге бұрылады. Ал, содан кейін түзу адамдардан боласыңдар»
قَالَ قَائِلٌ مِنْهُمْ لَا تَقْتُلُوا يُوسُفَ وَأَلْقُوهُ فِي غَيَابَتِ الْجُبِّ يَلْتَقِطْهُ بَعْضُ السَّيَّارَةِ إِنْ كُنْتُمْ فَاعِلِينَ
Олардың ішіндегі біреуі: «Йусуфты өлтірмеңдер, егер бірнәрсе істейтіндей болсаңдар, оны құлықтың түбіне тастаңдар, жүргінші керуеннің бірі тауып алсын», деді
قَالُوا يَا أَبَانَا مَا لَكَ لَا تَأْمَنَّا عَلَىٰ يُوسُفَ وَإِنَّا لَهُ لَنَاصِحُونَ
Олар Йаъқубқа келіп : «Әй, әкеміз! Йусуфке байланысты бізге сенбейтіндей саған не болды? Негізінде, біз оған жақсылық тілеушіміз

Choose other languages: