Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #109 Translated in Kazakh

وَكَأَيِّنْ مِنْ آيَةٍ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ يَمُرُّونَ عَلَيْهَا وَهُمْ عَنْهَا مُعْرِضُونَ
Әрі аспандарда және жерде қанша белгі-дәлелдер бар.Олар имансыздар оның жанынан өткенмен, оған назар салмайды
وَمَا يُؤْمِنُ أَكْثَرُهُمْ بِاللَّهِ إِلَّا وَهُمْ مُشْرِكُونَ
Әрі, олардың көбі Аллаһқа, Оған серік қатқан түрде ғана сенеді
أَفَأَمِنُوا أَنْ تَأْتِيَهُمْ غَاشِيَةٌ مِنْ عَذَابِ اللَّهِ أَوْ تَأْتِيَهُمُ السَّاعَةُ بَغْتَةً وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
Олар өздеріне Аллаһтың орап алушы азабының келуінен немесе Сағаттың Қайта тірілу күнінің кенеттен, өздері сезбеген түрде келіп қалуынан қауіпсіз болды ма
قُلْ هَٰذِهِ سَبِيلِي أَدْعُو إِلَى اللَّهِ ۚ عَلَىٰ بَصِيرَةٍ أَنَا وَمَنِ اتَّبَعَنِي ۖ وَسُبْحَانَ اللَّهِ وَمَا أَنَا مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Менің жолым осы. Мен Аллаһқа айқын дәлел үстінде шақырамын әрі маған ергендер де. Аллаһ барлық кемшіліктен пәк. Мен Аллаһқа біреуді Оның иелігіндегі бір нәрседе үлесі бар деп серік етіп қосушылардан емеспін», деп
وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ إِلَّا رِجَالًا نُوحِي إِلَيْهِمْ مِنْ أَهْلِ الْقُرَىٰ ۗ أَفَلَمْ يَسِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَيَنْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۗ وَلَدَارُ الْآخِرَةِ خَيْرٌ لِلَّذِينَ اتَّقَوْا ۗ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
Ей, Мұхаммед! Сенен бұрын да, Біз тек елді мекен тұрғындарынан болған ер адамдарға уахи түсіріп, жібердік. Ал, енді олар жер бетінде жүріп, өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанына назар салмай ма? Шын мәнінде, соңғы, мәңгілік өмір ақирет жұрты тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма

Choose other languages: