Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #106 Translated in Kazakh

ذَٰلِكَ مِنْ أَنْبَاءِ الْغَيْبِ نُوحِيهِ إِلَيْكَ ۖ وَمَا كُنْتَ لَدَيْهِمْ إِذْ أَجْمَعُوا أَمْرَهُمْ وَهُمْ يَمْكُرُونَ
Ей, Мұхаммед! Міне, бұлар ғайып хабарлардан, саған оны уахи етіп жеткіземіз. Олар құлық ойлап, не істейтіндеріне шешім қабылдаған кезде сен олардың қасында болмаған едің
وَمَا أَكْثَرُ النَّاسِ وَلَوْ حَرَصْتَ بِمُؤْمِنِينَ
Әрі сен қанша қалап, тырыссаң да адамдардың көбі иманға келмейді
وَمَا تَسْأَلُهُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۚ إِنْ هُوَ إِلَّا ذِكْرٌ لِلْعَالَمِينَ
Сондай-ақ сен ол Құран үшін олардан ақы сұрамайсың. Ол бүкіл әлемдер үшін еске салу ескерту ғана
وَكَأَيِّنْ مِنْ آيَةٍ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ يَمُرُّونَ عَلَيْهَا وَهُمْ عَنْهَا مُعْرِضُونَ
Әрі аспандарда және жерде қанша белгі-дәлелдер бар.Олар имансыздар оның жанынан өткенмен, оған назар салмайды
وَمَا يُؤْمِنُ أَكْثَرُهُمْ بِاللَّهِ إِلَّا وَهُمْ مُشْرِكُونَ
Әрі, олардың көбі Аллаһқа, Оған серік қатқан түрде ғана сенеді

Choose other languages: