Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #49 Translated in Kazakh

وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ كَأَنْ لَمْ يَلْبَثُوا إِلَّا سَاعَةً مِنَ النَّهَارِ يَتَعَارَفُونَ بَيْنَهُمْ ۚ قَدْ خَسِرَ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِلِقَاءِ اللَّهِ وَمَا كَانُوا مُهْتَدِينَ
Оларды жинаған сол Есеп Күні, олар осы дүниеде күндізден бір аз мезгіл ғана тұрғандай болады да бір-бірін тани бастайды. Аллаһпен кездесуді өтірік санағандар шынымен зиянға ұшырады. Әрі олар тура жолда жүрушілерден болмады
وَإِمَّا نُرِيَنَّكَ بَعْضَ الَّذِي نَعِدُهُمْ أَوْ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِلَيْنَا مَرْجِعُهُمْ ثُمَّ اللَّهُ شَهِيدٌ عَلَىٰ مَا يَفْعَلُونَ
Ей, Мұхаммед! Біз саған оларға Өзіміз уәде етіп отырғанның кейбірін көрсетсек те немесе сені дүниеден алсақ та олар Бізге қайтады. Содан кейін Аллаһ олардың не істеп жатқандарына куә болады
وَلِكُلِّ أُمَّةٍ رَسُولٌ ۖ فَإِذَا جَاءَ رَسُولُهُمْ قُضِيَ بَيْنَهُمْ بِالْقِسْطِ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Әрбір үмметтің Елшісі бар. Олардың елшілері келген кезде, олардың араларына әділдікпен шешім шығарылады әрі оларға әділетсіздік етілмейді
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا الْوَعْدُ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Олар имансыздар : «Егер сендер шын сөзді болсаңдар, бүл уәде қашан орындалады ?» дейді
قُلْ لَا أَمْلِكُ لِنَفْسِي ضَرًّا وَلَا نَفْعًا إِلَّا مَا شَاءَ اللَّهُ ۗ لِكُلِّ أُمَّةٍ أَجَلٌ ۚ إِذَا جَاءَ أَجَلُهُمْ فَلَا يَسْتَأْخِرُونَ سَاعَةً ۖ وَلَا يَسْتَقْدِمُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһтың қалауынан басқа, мен өзім үшін зиян да, пайда да келтіре алмаймын. Әрбір үмметтің бір мерзімі бар. Мерзімдері келген кезде, олар оны бір сәтке кері ысыра да алмайды және ілгерілете де алмайды», деп

Choose other languages: