Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #51 Translated in Kazakh

وَلِكُلِّ أُمَّةٍ رَسُولٌ ۖ فَإِذَا جَاءَ رَسُولُهُمْ قُضِيَ بَيْنَهُمْ بِالْقِسْطِ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Әрбір үмметтің Елшісі бар. Олардың елшілері келген кезде, олардың араларына әділдікпен шешім шығарылады әрі оларға әділетсіздік етілмейді
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا الْوَعْدُ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Олар имансыздар : «Егер сендер шын сөзді болсаңдар, бүл уәде қашан орындалады ?» дейді
قُلْ لَا أَمْلِكُ لِنَفْسِي ضَرًّا وَلَا نَفْعًا إِلَّا مَا شَاءَ اللَّهُ ۗ لِكُلِّ أُمَّةٍ أَجَلٌ ۚ إِذَا جَاءَ أَجَلُهُمْ فَلَا يَسْتَأْخِرُونَ سَاعَةً ۖ وَلَا يَسْتَقْدِمُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһтың қалауынан басқа, мен өзім үшін зиян да, пайда да келтіре алмаймын. Әрбір үмметтің бір мерзімі бар. Мерзімдері келген кезде, олар оны бір сәтке кері ысыра да алмайды және ілгерілете де алмайды», деп
قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ أَتَاكُمْ عَذَابُهُ بَيَاتًا أَوْ نَهَارًا مَاذَا يَسْتَعْجِلُ مِنْهُ الْمُجْرِمُونَ
Айт: «Айтыңдаршы! Егер сендерге Оның азабы түн ішінде немесе күндіз келсе, қылмыскерлер оның қайсыбірінің тез болуын сұрайды?» деп
أَثُمَّ إِذَا مَا وَقَعَ آمَنْتُمْ بِهِ ۚ آلْآنَ وَقَدْ كُنْتُمْ بِهِ تَسْتَعْجِلُونَ
Ол азап түскеннен кейін Оған сенесіңдер ме? Оларға: «Енді сенесіңдер ме, сендер осының тез болуын сұраған едіңдер», делінеді

Choose other languages: