Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #130 Translated in Kazakh

قَالَ كَذَٰلِكَ أَتَتْكَ آيَاتُنَا فَنَسِيتَهَا ۖ وَكَذَٰلِكَ الْيَوْمَ تُنْسَىٰ
Аллаһ айтты: «Міне, осылай. Саған аяттарымыз келген еді, бірақ сен оларды ұмыттың. Сол секілді бүгін сен де ұмытыласың», дейді
وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي مَنْ أَسْرَفَ وَلَمْ يُؤْمِنْ بِآيَاتِ رَبِّهِ ۚ وَلَعَذَابُ الْآخِرَةِ أَشَدُّ وَأَبْقَىٰ
Әрі шектен шыққан және Раббысының аяттарына сенбегендердің де қайтарым жаза­сын осылай береміз. Ал соңғы, мәңгілік өмірдің ақиреттің азабы өте қатты әрі үздіксіз тұрақты
أَفَلَمْ يَهْدِ لَهُمْ كَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُمْ مِنَ الْقُرُونِ يَمْشُونَ فِي مَسَاكِنِهِمْ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِأُولِي النُّهَىٰ
Оларға дейін болған, бүгін өздері жұрттарынан өтіп жүрген, қаншама халықты жойып жіберуіміз, Оларға тура жол көрсетпеді ме? Ақиқатында, Мұнда ақыл иелері үшін белгі-ғибраттар бар
وَلَوْلَا كَلِمَةٌ سَبَقَتْ مِنْ رَبِّكَ لَكَانَ لِزَامًا وَأَجَلٌ مُسَمًّى
Ей, Мұхаммед! Раббыңнан алдын-ала Сөз және белгіленген мерзім болмағанда, әлбетте жазаның бірден болуы міндетті түрде болар еді
فَاصْبِرْ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ قَبْلَ طُلُوعِ الشَّمْسِ وَقَبْلَ غُرُوبِهَا ۖ وَمِنْ آنَاءِ اللَّيْلِ فَسَبِّحْ وَأَطْرَافَ النَّهَارِ لَعَلَّكَ تَرْضَىٰ
Сондықтан олардың айтып жатқандарына сабыр ет. Әрі ризалыққа жету үшін Раббыңды күн шығардан және күн батардан алдын мақтап, дәріпте және түннің бір уақыттары мен күндіздің айналасында дәріпте

Choose other languages: