Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #126 Translated in Kazakh

ثُمَّ اجْتَبَاهُ رَبُّهُ فَتَابَ عَلَيْهِ وَهَدَىٰ
Кейін Раббысы оны таңдап, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын тәубесін қабыл етті әрі тура жолға түсірді
قَالَ اهْبِطَا مِنْهَا جَمِيعًا ۖ بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ ۖ فَإِمَّا يَأْتِيَنَّكُمْ مِنِّي هُدًى فَمَنِ اتَّبَعَ هُدَايَ فَلَا يَضِلُّ وَلَا يَشْقَىٰ
Аллаһ айтты: «Екеуің Адам менХауа одан жәннаттан бірге түсіңдер, сендер бір-бірлеріңе жаусыңдар. Ал, енді Менен сендерге тура жол келіп, кім Менің басшылығыма тура жолыма ерсе, онда ол адаспайды әрі бақытсыз болмайды», деді
وَمَنْ أَعْرَضَ عَنْ ذِكْرِي فَإِنَّ لَهُ مَعِيشَةً ضَنْكًا وَنَحْشُرُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَعْمَىٰ
Ал, кім Менің еске салуымнан Құраннан теріс бұрылса, оған тар өмір болады әрі Қайта тірілу күні оны соқыр күйде тірілтеміз
قَالَ رَبِّ لِمَ حَشَرْتَنِي أَعْمَىٰ وَقَدْ كُنْتُ بَصِيرًا
Ол: «Раббым! Мені не үшін соқыр күйде тірілттің?! Мен көретін едім ғой»,- дейді
قَالَ كَذَٰلِكَ أَتَتْكَ آيَاتُنَا فَنَسِيتَهَا ۖ وَكَذَٰلِكَ الْيَوْمَ تُنْسَىٰ
Аллаһ айтты: «Міне, осылай. Саған аяттарымыз келген еді, бірақ сен оларды ұмыттың. Сол секілді бүгін сен де ұмытыласың», дейді

Choose other languages: