Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #128 Translated in Kazakh

وَمَنْ أَعْرَضَ عَنْ ذِكْرِي فَإِنَّ لَهُ مَعِيشَةً ضَنْكًا وَنَحْشُرُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَعْمَىٰ
Ал, кім Менің еске салуымнан Құраннан теріс бұрылса, оған тар өмір болады әрі Қайта тірілу күні оны соқыр күйде тірілтеміз
قَالَ رَبِّ لِمَ حَشَرْتَنِي أَعْمَىٰ وَقَدْ كُنْتُ بَصِيرًا
Ол: «Раббым! Мені не үшін соқыр күйде тірілттің?! Мен көретін едім ғой»,- дейді
قَالَ كَذَٰلِكَ أَتَتْكَ آيَاتُنَا فَنَسِيتَهَا ۖ وَكَذَٰلِكَ الْيَوْمَ تُنْسَىٰ
Аллаһ айтты: «Міне, осылай. Саған аяттарымыз келген еді, бірақ сен оларды ұмыттың. Сол секілді бүгін сен де ұмытыласың», дейді
وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي مَنْ أَسْرَفَ وَلَمْ يُؤْمِنْ بِآيَاتِ رَبِّهِ ۚ وَلَعَذَابُ الْآخِرَةِ أَشَدُّ وَأَبْقَىٰ
Әрі шектен шыққан және Раббысының аяттарына сенбегендердің де қайтарым жаза­сын осылай береміз. Ал соңғы, мәңгілік өмірдің ақиреттің азабы өте қатты әрі үздіксіз тұрақты
أَفَلَمْ يَهْدِ لَهُمْ كَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُمْ مِنَ الْقُرُونِ يَمْشُونَ فِي مَسَاكِنِهِمْ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِأُولِي النُّهَىٰ
Оларға дейін болған, бүгін өздері жұрттарынан өтіп жүрген, қаншама халықты жойып жіберуіміз, Оларға тура жол көрсетпеді ме? Ақиқатында, Мұнда ақыл иелері үшін белгі-ғибраттар бар

Choose other languages: