Quran Apps in many lanuages:

Surah Sad Ayahs #32 Translated in Kazakh

أَمْ نَجْعَلُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ كَالْمُفْسِدِينَ فِي الْأَرْضِ أَمْ نَجْعَلُ الْمُتَّقِينَ كَالْفُجَّارِ
Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істейтіндермен тең етеміз бе? Әлде тақуаларды Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды күнәһарлармен бірдей етеміз бе
كِتَابٌ أَنْزَلْنَاهُ إِلَيْكَ مُبَارَكٌ لِيَدَّبَّرُوا آيَاتِهِ وَلِيَتَذَكَّرَ أُولُو الْأَلْبَابِ
Ей, Мұхаммед! Біз саған түсірген Кітап берекелі. Адамдар оның аяттарына зейін қойып зерделеулері үшін әрі ақыл иелері еске алуы үшін түсірдік
وَوَهَبْنَا لِدَاوُودَ سُلَيْمَانَ ۚ نِعْمَ الْعَبْدُ ۖ إِنَّهُ أَوَّابٌ
Біз Дәуітке Сүлейменді тарту еттік. Сүлеймен қандай жақсы құл! Ол әрқашан Оған қайтушы
إِذْ عُرِضَ عَلَيْهِ بِالْعَشِيِّ الصَّافِنَاتُ الْجِيَادُ
Бірде оған кешке қарай, ойнақтаған тұяғымен жер тарпыған жүйрік сәйгүліктер көрсетілді
فَقَالَ إِنِّي أَحْبَبْتُ حُبَّ الْخَيْرِ عَنْ ذِكْرِ رَبِّي حَتَّىٰ تَوَارَتْ بِالْحِجَابِ
Сонда ол: «Мен Раббымды еске алудан гөрі ол күн тосық артына жасырынғанша күн батқанша , жақсы нәрселерге құштар болып ұнатыппын

Choose other languages: