Quran Apps in many lanuages:

Surah Sad Ayahs #31 Translated in Kazakh

وَمَا خَلَقْنَا السَّمَاءَ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا بَاطِلًا ۚ ذَٰلِكَ ظَنُّ الَّذِينَ كَفَرُوا ۚ فَوَيْلٌ لِلَّذِينَ كَفَرُوا مِنَ النَّارِ
Біз аспандар мен жерді және екеуінің арасындағыларды бостан-босқа жаратпадық. Бұл сондай күпірлік етушілердің Аллаһқа қарсы келушілердің жорамалы. Ендеше, сондай күпірлік етушілерге иманға келмегендерге Оттан үлкен қасірет бар
أَمْ نَجْعَلُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ كَالْمُفْسِدِينَ فِي الْأَرْضِ أَمْ نَجْعَلُ الْمُتَّقِينَ كَالْفُجَّارِ
Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істейтіндермен тең етеміз бе? Әлде тақуаларды Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды күнәһарлармен бірдей етеміз бе
كِتَابٌ أَنْزَلْنَاهُ إِلَيْكَ مُبَارَكٌ لِيَدَّبَّرُوا آيَاتِهِ وَلِيَتَذَكَّرَ أُولُو الْأَلْبَابِ
Ей, Мұхаммед! Біз саған түсірген Кітап берекелі. Адамдар оның аяттарына зейін қойып зерделеулері үшін әрі ақыл иелері еске алуы үшін түсірдік
وَوَهَبْنَا لِدَاوُودَ سُلَيْمَانَ ۚ نِعْمَ الْعَبْدُ ۖ إِنَّهُ أَوَّابٌ
Біз Дәуітке Сүлейменді тарту еттік. Сүлеймен қандай жақсы құл! Ол әрқашан Оған қайтушы
إِذْ عُرِضَ عَلَيْهِ بِالْعَشِيِّ الصَّافِنَاتُ الْجِيَادُ
Бірде оған кешке қарай, ойнақтаған тұяғымен жер тарпыған жүйрік сәйгүліктер көрсетілді

Choose other languages: