Quran Apps in many lanuages:

Surah Saba Ayahs #12 Translated in Kazakh

أَفْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا أَمْ بِهِ جِنَّةٌ ۗ بَلِ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ فِي الْعَذَابِ وَالضَّلَالِ الْبَعِيدِ
Ол Аллаһ туралы өтірікті құрастырды ма, әлде оны жын иектеп алды ма?» деді. Жоқ, олай емес! Соңғы, мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндер азапта және ұзақ адасуда
أَفَلَمْ يَرَوْا إِلَىٰ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ مِنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ ۚ إِنْ نَشَأْ نَخْسِفْ بِهِمُ الْأَرْضَ أَوْ نُسْقِطْ عَلَيْهِمْ كِسَفًا مِنَ السَّمَاءِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لِكُلِّ عَبْدٍ مُنِيبٍ
Олар алдарындағы әрі арттарындағыны аспандағы мен жердегіні көрмеді ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызып жібереміз немесе олардың үстіне аспаннан бір бөлік түсіреміз. Ақиқатында, Мұнда Аллаһқа әрдайым! қайтушы әрбір құлға белгі-ғибрат бар
وَلَقَدْ آتَيْنَا دَاوُودَ مِنَّا فَضْلًا ۖ يَا جِبَالُ أَوِّبِي مَعَهُ وَالطَّيْرَ ۖ وَأَلَنَّا لَهُ الْحَدِيدَ
Әрі Біз Дәуітке Өз тарапымыздан артықшылық бердік. «Ей, таулар! Онымен Дәуітпен бірге жаңғырық беріп Аллаһты дәріптеуін қайталаңдар. Ей, құстар сендер де қайталаңдар» дедік. Әрі оған темірді жұмсартып
أَنِ اعْمَلْ سَابِغَاتٍ وَقَدِّرْ فِي السَّرْدِ ۖ وَاعْمَلُوا صَالِحًا ۖ إِنِّي بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
«Ұзын сауыттар жаса және оның бөліктерін шығыршықтарын мөлшерлеп ал. Әрі ізгілік істеңдер. Ақиқатында, Мен не істеп жатқандарыңды Көрушімін»,- дедік
وَلِسُلَيْمَانَ الرِّيحَ غُدُوُّهَا شَهْرٌ وَرَوَاحُهَا شَهْرٌ ۖ وَأَسَلْنَا لَهُ عَيْنَ الْقِطْرِ ۖ وَمِنَ الْجِنِّ مَنْ يَعْمَلُ بَيْنَ يَدَيْهِ بِإِذْنِ رَبِّهِ ۖ وَمَنْ يَزِغْ مِنْهُمْ عَنْ أَمْرِنَا نُذِقْهُ مِنْ عَذَابِ السَّعِيرِ
Ал, Сүлейменге таңертеңгі шығуы бір айлық, кешке қайтуы бір айлық жолды басып өтетін желді бағындырдық . Біз оған мыстан бұлақ ағыздық. және Раббысының рұқсатымен оның алдында жындардан жұмыс істейтіндері болды. Әрі олардан кім әмірімізден шықса, оған Саъир (жалындаған от) азабын таттырамыз

Choose other languages: