Quran Apps in many lanuages:

Surah Saba Ayahs #11 Translated in Kazakh

وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا هَلْ نَدُلُّكُمْ عَلَىٰ رَجُلٍ يُنَبِّئُكُمْ إِذَا مُزِّقْتُمْ كُلَّ مُمَزَّقٍ إِنَّكُمْ لَفِي خَلْقٍ جَدِيدٍ
Ал күпірлік етушілер Қайта тірілуді теріске шығаратындар : «Сендерге өздерің әбден шіріп, ыдырап кеткен кездеріңде жаңа жаратылыста болатындарыңды жаңадан қайта жаратылатындарыңды хабарлайтын бір кісіні көрсетейік пе
أَفْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا أَمْ بِهِ جِنَّةٌ ۗ بَلِ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ فِي الْعَذَابِ وَالضَّلَالِ الْبَعِيدِ
Ол Аллаһ туралы өтірікті құрастырды ма, әлде оны жын иектеп алды ма?» деді. Жоқ, олай емес! Соңғы, мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндер азапта және ұзақ адасуда
أَفَلَمْ يَرَوْا إِلَىٰ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ مِنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ ۚ إِنْ نَشَأْ نَخْسِفْ بِهِمُ الْأَرْضَ أَوْ نُسْقِطْ عَلَيْهِمْ كِسَفًا مِنَ السَّمَاءِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لِكُلِّ عَبْدٍ مُنِيبٍ
Олар алдарындағы әрі арттарындағыны аспандағы мен жердегіні көрмеді ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызып жібереміз немесе олардың үстіне аспаннан бір бөлік түсіреміз. Ақиқатында, Мұнда Аллаһқа әрдайым! қайтушы әрбір құлға белгі-ғибрат бар
وَلَقَدْ آتَيْنَا دَاوُودَ مِنَّا فَضْلًا ۖ يَا جِبَالُ أَوِّبِي مَعَهُ وَالطَّيْرَ ۖ وَأَلَنَّا لَهُ الْحَدِيدَ
Әрі Біз Дәуітке Өз тарапымыздан артықшылық бердік. «Ей, таулар! Онымен Дәуітпен бірге жаңғырық беріп Аллаһты дәріптеуін қайталаңдар. Ей, құстар сендер де қайталаңдар» дедік. Әрі оған темірді жұмсартып
أَنِ اعْمَلْ سَابِغَاتٍ وَقَدِّرْ فِي السَّرْدِ ۖ وَاعْمَلُوا صَالِحًا ۖ إِنِّي بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
«Ұзын сауыттар жаса және оның бөліктерін шығыршықтарын мөлшерлеп ал. Әрі ізгілік істеңдер. Ақиқатында, Мен не істеп жатқандарыңды Көрушімін»,- дедік

Choose other languages: