Quran Apps in many lanuages:

Surah Saba Ayahs #42 Translated in Kazakh

وَالَّذِينَ يَسْعَوْنَ فِي آيَاتِنَا مُعَاجِزِينَ أُولَٰئِكَ فِي الْعَذَابِ مُحْضَرُونَ
Ал, аят-белгілерімізді әлсірету үшін әрекет еткендер болса, азапқа тасталынады
قُلْ إِنَّ رَبِّي يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ وَيَقْدِرُ لَهُ ۚ وَمَا أَنْفَقْتُمْ مِنْ شَيْءٍ فَهُوَ يُخْلِفُهُ ۖ وَهُوَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ақиқатында, Раббым құлдарының арасынан қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының ризығын шектеп қояды. Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның жұмсағандарыңның орнын қайта толтырады. Ол ризық берушілердің ең қайырлысы», деп
وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ جَمِيعًا ثُمَّ يَقُولُ لِلْمَلَائِكَةِ أَهَٰؤُلَاءِ إِيَّاكُمْ كَانُوا يَعْبُدُونَ
Әрі сол қайта тірілу күні Ол Аллаһ олардың барлығын жинайды да кейін періштелерге: «Сендерге табынған мыналар ма?» дейді
قَالُوا سُبْحَانَكَ أَنْتَ وَلِيُّنَا مِنْ دُونِهِمْ ۖ بَلْ كَانُوا يَعْبُدُونَ الْجِنَّ ۖ أَكْثَرُهُمْ بِهِمْ مُؤْمِنُونَ
Періштелер : «Сен барлық кемшіліктен пәксің! Біздің қамқоршымыз олар емес, Сенсің. Негізінде, олар жындарға табынатын, олардың көбі соларға сенуші еді», дейді
فَالْيَوْمَ لَا يَمْلِكُ بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ نَفْعًا وَلَا ضَرًّا وَنَقُولُ لِلَّذِينَ ظَلَمُوا ذُوقُوا عَذَابَ النَّارِ الَّتِي كُنْتُمْ بِهَا تُكَذِّبُونَ
Ол күні сендер бір-бірлеріңе не пайда, не зиян келтіре алмайсыңдар. Біз әділетсіздерге: «Өздерің өтірік деп есептеген Оттың азабын татыңдар», дейміз

Choose other languages: