Quran Apps in many lanuages:

Surah Maryam Ayahs #19 Translated in Kazakh

وَسَلَامٌ عَلَيْهِ يَوْمَ وُلِدَ وَيَوْمَ يَمُوتُ وَيَوْمَ يُبْعَثُ حَيًّا
Әрі оған туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық болады
وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ مَرْيَمَ إِذِ انْتَبَذَتْ مِنْ أَهْلِهَا مَكَانًا شَرْقِيًّا
Әрі Кітаптағы Мәриямды есіңе ал. Ол үйіндегілерден шығыс жақтағы бір орынға оңашаланып
فَاتَّخَذَتْ مِنْ دُونِهِمْ حِجَابًا فَأَرْسَلْنَا إِلَيْهَا رُوحَنَا فَتَمَثَّلَ لَهَا بَشَرًا سَوِيًّا
олардан тосық артына тасаланып алды. Біз оған Рухымызды Жәбірейілді жібердік. Ол оған толыққанды адам бейнесінде көрінді
قَالَتْ إِنِّي أَعُوذُ بِالرَّحْمَٰنِ مِنْكَ إِنْ كُنْتَ تَقِيًّا
Мэриям :«Мен әр-Рахманға аса Мейірімдіге сиынып, сенен қорғауын сұраймын. Егер Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы тақуа болсаң тиіспе », -деді
قَالَ إِنَّمَا أَنَا رَسُولُ رَبِّكِ لِأَهَبَ لَكِ غُلَامًا زَكِيًّا
Періште : «Анығында мен саған бір таза бала сыйлау үшін Раббыңның жіберген Елшісімін», деді

Choose other languages: