Quran Apps in many lanuages:

Surah Maryam Ayahs #21 Translated in Kazakh

فَاتَّخَذَتْ مِنْ دُونِهِمْ حِجَابًا فَأَرْسَلْنَا إِلَيْهَا رُوحَنَا فَتَمَثَّلَ لَهَا بَشَرًا سَوِيًّا
олардан тосық артына тасаланып алды. Біз оған Рухымызды Жәбірейілді жібердік. Ол оған толыққанды адам бейнесінде көрінді
قَالَتْ إِنِّي أَعُوذُ بِالرَّحْمَٰنِ مِنْكَ إِنْ كُنْتَ تَقِيًّا
Мэриям :«Мен әр-Рахманға аса Мейірімдіге сиынып, сенен қорғауын сұраймын. Егер Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы тақуа болсаң тиіспе », -деді
قَالَ إِنَّمَا أَنَا رَسُولُ رَبِّكِ لِأَهَبَ لَكِ غُلَامًا زَكِيًّا
Періште : «Анығында мен саған бір таза бала сыйлау үшін Раббыңның жіберген Елшісімін», деді
قَالَتْ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَامٌ وَلَمْ يَمْسَسْنِي بَشَرٌ وَلَمْ أَكُ بَغِيًّا
Мәриям : «Маған ешбір адам жақындамаған болса және мен жеңіл жүрісті болмасам, менде қалай бала болмақ?» деді
قَالَ كَذَٰلِكِ قَالَ رَبُّكِ هُوَ عَلَيَّ هَيِّنٌ ۖ وَلِنَجْعَلَهُ آيَةً لِلنَّاسِ وَرَحْمَةً مِنَّا ۚ وَكَانَ أَمْرًا مَقْضِيًّا
Періште : «Міне осылай. Раббың: «Бұл Маған оңай. Оны адамдар үшін Бізден бір белгі мұғжиза және мейірім етеміз. Бүл шешіліп қойылған іс», деп айтты»,- деді

Choose other languages: