Quran Apps in many lanuages:

Surah Luqman Ayahs #11 Translated in Kazakh

وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِ آيَاتُنَا وَلَّىٰ مُسْتَكْبِرًا كَأَنْ لَمْ يَسْمَعْهَا كَأَنَّ فِي أُذُنَيْهِ وَقْرًا ۖ فَبَشِّرْهُ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Қашан оған Біздің аяттарымыз оқылса, ол оны естімегендей, құлағында кереңдік бар секілді, өзін жоғары санап, менменси теріс бұрылады. Ей, Мұхаммед! Оны күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُمْ جَنَّاتُ النَّعِيمِ
Ақиқатында иманға келген және ізгі амал істегендерге Наъим бақтары бар
خَالِدِينَ فِيهَا ۖ وَعْدَ اللَّهِ حَقًّا ۚ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Олар, Аллаһтың хақ уәдесі бойынша онда мәңгі қалады. Ол -бәрінен Үстем, аса Дана
خَلَقَ السَّمَاوَاتِ بِغَيْرِ عَمَدٍ تَرَوْنَهَا ۖ وَأَلْقَىٰ فِي الْأَرْضِ رَوَاسِيَ أَنْ تَمِيدَ بِكُمْ وَبَثَّ فِيهَا مِنْ كُلِّ دَابَّةٍ ۚ وَأَنْزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَنْبَتْنَا فِيهَا مِنْ كُلِّ زَوْجٍ كَرِيمٍ
Ол аспандарды тіреусіз жаратты, оны тіреуді егер болғанда көретін едіңдер және жерге мызғымай тұрғандарды тауларды тастады, сендермен бірге шайқалмауы үшін және онда әрбір жаны барды таратты. Әрі Біз аспаннан су түсіріп, онда жерде барлық көркем түрлерді өсірдік
هَٰذَا خَلْقُ اللَّهِ فَأَرُونِي مَاذَا خَلَقَ الَّذِينَ مِنْ دُونِهِ ۚ بَلِ الظَّالِمُونَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Міне, бұл Аллаһтың жаратқаны. Ал, Одан өзгелердің не жаратқанын Маған көрсетіңдерші? Иә, солай, әділетсіздер анық адасуда

Choose other languages: