Quran Apps in many lanuages:

Surah Luqman Ayahs #13 Translated in Kazakh

خَالِدِينَ فِيهَا ۖ وَعْدَ اللَّهِ حَقًّا ۚ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Олар, Аллаһтың хақ уәдесі бойынша онда мәңгі қалады. Ол -бәрінен Үстем, аса Дана
خَلَقَ السَّمَاوَاتِ بِغَيْرِ عَمَدٍ تَرَوْنَهَا ۖ وَأَلْقَىٰ فِي الْأَرْضِ رَوَاسِيَ أَنْ تَمِيدَ بِكُمْ وَبَثَّ فِيهَا مِنْ كُلِّ دَابَّةٍ ۚ وَأَنْزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَنْبَتْنَا فِيهَا مِنْ كُلِّ زَوْجٍ كَرِيمٍ
Ол аспандарды тіреусіз жаратты, оны тіреуді егер болғанда көретін едіңдер және жерге мызғымай тұрғандарды тауларды тастады, сендермен бірге шайқалмауы үшін және онда әрбір жаны барды таратты. Әрі Біз аспаннан су түсіріп, онда жерде барлық көркем түрлерді өсірдік
هَٰذَا خَلْقُ اللَّهِ فَأَرُونِي مَاذَا خَلَقَ الَّذِينَ مِنْ دُونِهِ ۚ بَلِ الظَّالِمُونَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Міне, бұл Аллаһтың жаратқаны. Ал, Одан өзгелердің не жаратқанын Маған көрсетіңдерші? Иә, солай, әділетсіздер анық адасуда
وَلَقَدْ آتَيْنَا لُقْمَانَ الْحِكْمَةَ أَنِ اشْكُرْ لِلَّهِ ۚ وَمَنْ يَشْكُرْ فَإِنَّمَا يَشْكُرُ لِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ كَفَرَ فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ حَمِيدٌ
Біз Лұқманға даналық беріп: «Шүкір ет Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдір . Кім шүкір етсе Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірсе , білдірген алғысы шүкірлігі өз пайдасына болады. Ал кім күпірлік етсе берілген игіліктерді мойындамаса , әлбетте Аллаһ Бай, мұқтажсыз, аса Мақтаулы», -дедік
وَإِذْ قَالَ لُقْمَانُ لِابْنِهِ وَهُوَ يَعِظُهُ يَا بُنَيَّ لَا تُشْرِكْ بِاللَّهِ ۖ إِنَّ الشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظِيمٌ
Міне, кезінде Лұқман ұлына насихат етіп: «Әй, ұлым кішкентайым Аллаһқа серік қоспа. Өйткені серік қосу өте үлкен әділетсіздік», деп айтқан еді

Choose other languages: