Quran Apps in many lanuages:

Surah Luqman Ayahs #14 Translated in Kazakh

خَلَقَ السَّمَاوَاتِ بِغَيْرِ عَمَدٍ تَرَوْنَهَا ۖ وَأَلْقَىٰ فِي الْأَرْضِ رَوَاسِيَ أَنْ تَمِيدَ بِكُمْ وَبَثَّ فِيهَا مِنْ كُلِّ دَابَّةٍ ۚ وَأَنْزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَنْبَتْنَا فِيهَا مِنْ كُلِّ زَوْجٍ كَرِيمٍ
Ол аспандарды тіреусіз жаратты, оны тіреуді егер болғанда көретін едіңдер және жерге мызғымай тұрғандарды тауларды тастады, сендермен бірге шайқалмауы үшін және онда әрбір жаны барды таратты. Әрі Біз аспаннан су түсіріп, онда жерде барлық көркем түрлерді өсірдік
هَٰذَا خَلْقُ اللَّهِ فَأَرُونِي مَاذَا خَلَقَ الَّذِينَ مِنْ دُونِهِ ۚ بَلِ الظَّالِمُونَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Міне, бұл Аллаһтың жаратқаны. Ал, Одан өзгелердің не жаратқанын Маған көрсетіңдерші? Иә, солай, әділетсіздер анық адасуда
وَلَقَدْ آتَيْنَا لُقْمَانَ الْحِكْمَةَ أَنِ اشْكُرْ لِلَّهِ ۚ وَمَنْ يَشْكُرْ فَإِنَّمَا يَشْكُرُ لِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ كَفَرَ فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ حَمِيدٌ
Біз Лұқманға даналық беріп: «Шүкір ет Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдір . Кім шүкір етсе Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірсе , білдірген алғысы шүкірлігі өз пайдасына болады. Ал кім күпірлік етсе берілген игіліктерді мойындамаса , әлбетте Аллаһ Бай, мұқтажсыз, аса Мақтаулы», -дедік
وَإِذْ قَالَ لُقْمَانُ لِابْنِهِ وَهُوَ يَعِظُهُ يَا بُنَيَّ لَا تُشْرِكْ بِاللَّهِ ۖ إِنَّ الشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظِيمٌ
Міне, кезінде Лұқман ұлына насихат етіп: «Әй, ұлым кішкентайым Аллаһқа серік қоспа. Өйткені серік қосу өте үлкен әділетсіздік», деп айтқан еді
وَوَصَّيْنَا الْإِنْسَانَ بِوَالِدَيْهِ حَمَلَتْهُ أُمُّهُ وَهْنًا عَلَىٰ وَهْنٍ وَفِصَالُهُ فِي عَامَيْنِ أَنِ اشْكُرْ لِي وَلِوَالِدَيْكَ إِلَيَّ الْمَصِيرُ
Біз адам баласына ата-анасын өсиет етіп тапсырдық. Анасы жүкті болып, оны әлсіздік үстіне әлсіздікпен көтерді. Әрі сәбиді омыраудан екі жылда ажыратады. Маған және ата-анаңа шүкір ет алғыс, ризалық білдір . Қайтуларың Маған Мағанқайтасыңдар

Choose other languages: