Quran Apps in many lanuages:

Surah Luqman Ayahs #26 Translated in Kazakh

وَمَنْ يُسْلِمْ وَجْهَهُ إِلَى اللَّهِ وَهُوَ مُحْسِنٌ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقَىٰ ۗ وَإِلَى اللَّهِ عَاقِبَةُ الْأُمُورِ
Кім ықыласпен жақсылық істеуші бол­ған күйінде жүзін дінін, амалын Аллаһқа бойсұндырса, сол ең сенімді тұтқадан ұстаған j болады. Істердің нәтижесі Аллаһта
وَمَنْ كَفَرَ فَلَا يَحْزُنْكَ كُفْرُهُ ۚ إِلَيْنَا مَرْجِعُهُمْ فَنُنَبِّئُهُمْ بِمَا عَمِلُوا ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
Ал, кім күпірлік етсе иманға келмесе , оның күпірлігі қарсылығы сені қайғыртпасын. Олардың қайтар жері Біздің алдымыз. Сонда Оларға не істегендерінің хабарын береміз. Ақиқатында, Аллаһ көкіректердегі нәрсені толық Білуші
نُمَتِّعُهُمْ قَلِيلًا ثُمَّ نَضْطَرُّهُمْ إِلَىٰ عَذَابٍ غَلِيظٍ
Біз олардың бұл дүниеден аз ғана пайдалануына мүмкіндік беріп, кейін оларды ауыр азапқа мәжбүр етіп саламыз
وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ ۚ قُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ ۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Егер олардан аспандарды және жерді кім жаратты?» деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», дейді. Айт: «Барлық мақтау Аллаһқа!» -деп. Бірақ олардың көбі білмейді
لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ إِنَّ اللَّهَ هُوَ الْغَنِيُّ الْحَمِيدُ
Аспандардағы және жердегілердің барлығы Аллаһтікі. Ақиқатында Аллаһ өте Бай, Мұқтажсыз, аса Мақтаулы

Choose other languages: