Quran Apps in many lanuages:

Surah Luqman Ayahs #28 Translated in Kazakh

نُمَتِّعُهُمْ قَلِيلًا ثُمَّ نَضْطَرُّهُمْ إِلَىٰ عَذَابٍ غَلِيظٍ
Біз олардың бұл дүниеден аз ғана пайдалануына мүмкіндік беріп, кейін оларды ауыр азапқа мәжбүр етіп саламыз
وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ ۚ قُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ ۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Егер олардан аспандарды және жерді кім жаратты?» деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», дейді. Айт: «Барлық мақтау Аллаһқа!» -деп. Бірақ олардың көбі білмейді
لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ إِنَّ اللَّهَ هُوَ الْغَنِيُّ الْحَمِيدُ
Аспандардағы және жердегілердің барлығы Аллаһтікі. Ақиқатында Аллаһ өте Бай, Мұқтажсыз, аса Мақтаулы
وَلَوْ أَنَّمَا فِي الْأَرْضِ مِنْ شَجَرَةٍ أَقْلَامٌ وَالْبَحْرُ يَمُدُّهُ مِنْ بَعْدِهِ سَبْعَةُ أَبْحُرٍ مَا نَفِدَتْ كَلِمَاتُ اللَّهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Егер де жердегі барлық ағаштар қаламға айналып, ал теңіз сия болып және оған артынан жеті теңіз қосылса да Аллаһтың сөздері таусылмайды. Ақиқатында Аллаһ бәрінен Үстем , аса Дана
مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ إِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ ۗ إِنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ بَصِيرٌ
Сендерді жарату және қайта тірілту бір жанды жаратып, тірілту секілді ғана. Ақиқатында Аллаһ бәрін Естуші Самиъ , бәрін Көруші Басир

Choose other languages: