Quran Apps in many lanuages:

Surah Luqman Ayahs #25 Translated in Kazakh

وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ اتَّبِعُوا مَا أَنْزَلَ اللَّهُ قَالُوا بَلْ نَتَّبِعُ مَا وَجَدْنَا عَلَيْهِ آبَاءَنَا ۚ أَوَلَوْ كَانَ الشَّيْطَانُ يَدْعُوهُمْ إِلَىٰ عَذَابِ السَّعِيرِ
Әрі қашан оларға:«Аллаһтыңтүсіргеніне еріңдер», делінсе, олар: «Жоқ.Біз аталарымызды ненің үстінде қандай құлшылықта тапсақ, соған ереміз», дейді. Егер де шайтан оларды Саъир (Тозақтың бір аты. Мағнасы жалынды от) азабына шақырса да ма
وَمَنْ يُسْلِمْ وَجْهَهُ إِلَى اللَّهِ وَهُوَ مُحْسِنٌ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقَىٰ ۗ وَإِلَى اللَّهِ عَاقِبَةُ الْأُمُورِ
Кім ықыласпен жақсылық істеуші бол­ған күйінде жүзін дінін, амалын Аллаһқа бойсұндырса, сол ең сенімді тұтқадан ұстаған j болады. Істердің нәтижесі Аллаһта
وَمَنْ كَفَرَ فَلَا يَحْزُنْكَ كُفْرُهُ ۚ إِلَيْنَا مَرْجِعُهُمْ فَنُنَبِّئُهُمْ بِمَا عَمِلُوا ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
Ал, кім күпірлік етсе иманға келмесе , оның күпірлігі қарсылығы сені қайғыртпасын. Олардың қайтар жері Біздің алдымыз. Сонда Оларға не істегендерінің хабарын береміз. Ақиқатында, Аллаһ көкіректердегі нәрсені толық Білуші
نُمَتِّعُهُمْ قَلِيلًا ثُمَّ نَضْطَرُّهُمْ إِلَىٰ عَذَابٍ غَلِيظٍ
Біз олардың бұл дүниеден аз ғана пайдалануына мүмкіндік беріп, кейін оларды ауыр азапқа мәжбүр етіп саламыз
وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ ۚ قُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ ۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Егер олардан аспандарды және жерді кім жаратты?» деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», дейді. Айт: «Барлық мақтау Аллаһқа!» -деп. Бірақ олардың көбі білмейді

Choose other languages: