Quran Apps in many lanuages:

Surah Ibrahim Ayahs #44 Translated in Kazakh

رَبِّ اجْعَلْنِي مُقِيمَ الصَّلَاةِ وَمِنْ ذُرِّيَّتِي ۚ رَبَّنَا وَتَقَبَّلْ دُعَاءِ
Раббым! Мені және ұрпағымды на­мазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал
رَبَّنَا اغْفِرْ لِي وَلِوَالِدَيَّ وَلِلْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ يَقُومُ الْحِسَابُ
Раббымыз! Мені және ата-анамды әрі имандыларды Есеп алынатын күні кешіре гөр», деп тіледі
وَلَا تَحْسَبَنَّ اللَّهَ غَافِلًا عَمَّا يَعْمَلُ الظَّالِمُونَ ۚ إِنَّمَا يُؤَخِّرُهُمْ لِيَوْمٍ تَشْخَصُ فِيهِ الْأَبْصَارُ
Ей, Мұхаммед! Әділетсіздердің не істеп жатқандығынан Аллаһты ғапыл аңдамай қалушы деп ойлама. Анығында, Ол оларға көздер қарап, қатып қалатын Күнге дейін мұрсат береді
مُهْطِعِينَ مُقْنِعِي رُءُوسِهِمْ لَا يَرْتَدُّ إِلَيْهِمْ طَرْفُهُمْ ۖ وَأَفْئِدَتُهُمْ هَوَاءٌ
Сол күні олар бастары кекшиіп асыға жүгіреді. Көздерімен қарағандары өздеріне қайтпайды, ал жүректерінде еш нәрсе болмайды боп-бос болып қалады
وَأَنْذِرِ النَّاسَ يَوْمَ يَأْتِيهِمُ الْعَذَابُ فَيَقُولُ الَّذِينَ ظَلَمُوا رَبَّنَا أَخِّرْنَا إِلَىٰ أَجَلٍ قَرِيبٍ نُجِبْ دَعْوَتَكَ وَنَتَّبِعِ الرُّسُلَ ۗ أَوَلَمْ تَكُونُوا أَقْسَمْتُمْ مِنْ قَبْلُ مَا لَكُمْ مِنْ زَوَالٍ
Ей, Мұхаммед! Адамдарды, оларға азап келетін Күннен сақтандыр. Сон­да әділетсіздік еткендер: «Раббымыз! Бізге жақын бір мерзімге дейін мұрсат бер, Сенің шақыруыңа жауап беріп бойсұнып , елшілерге ереміз», дейді. Оларға : «Сен­дер бұрын өзгеру жойылу болмайды деп ант еткен жоқсындар ма

Choose other languages: