Quran Apps in many lanuages:

Surah Ibrahim Ayahs #43 Translated in Kazakh

الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي وَهَبَ لِي عَلَى الْكِبَرِ إِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ ۚ إِنَّ رَبِّي لَسَمِيعُ الدُّعَاءِ
Барлық мақтау, маған қартайған шағымда Исмаъил мен Исхақты сыйлаған Аллаһқа! Ақиқатында, Раббым тілекті Естуші
رَبِّ اجْعَلْنِي مُقِيمَ الصَّلَاةِ وَمِنْ ذُرِّيَّتِي ۚ رَبَّنَا وَتَقَبَّلْ دُعَاءِ
Раббым! Мені және ұрпағымды на­мазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал
رَبَّنَا اغْفِرْ لِي وَلِوَالِدَيَّ وَلِلْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ يَقُومُ الْحِسَابُ
Раббымыз! Мені және ата-анамды әрі имандыларды Есеп алынатын күні кешіре гөр», деп тіледі
وَلَا تَحْسَبَنَّ اللَّهَ غَافِلًا عَمَّا يَعْمَلُ الظَّالِمُونَ ۚ إِنَّمَا يُؤَخِّرُهُمْ لِيَوْمٍ تَشْخَصُ فِيهِ الْأَبْصَارُ
Ей, Мұхаммед! Әділетсіздердің не істеп жатқандығынан Аллаһты ғапыл аңдамай қалушы деп ойлама. Анығында, Ол оларға көздер қарап, қатып қалатын Күнге дейін мұрсат береді
مُهْطِعِينَ مُقْنِعِي رُءُوسِهِمْ لَا يَرْتَدُّ إِلَيْهِمْ طَرْفُهُمْ ۖ وَأَفْئِدَتُهُمْ هَوَاءٌ
Сол күні олар бастары кекшиіп асыға жүгіреді. Көздерімен қарағандары өздеріне қайтпайды, ал жүректерінде еш нәрсе болмайды боп-бос болып қалады

Choose other languages: