Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #77 Translated in Kazakh

قَالُوا أَتَعْجَبِينَ مِنْ أَمْرِ اللَّهِ ۖ رَحْمَتُ اللَّهِ وَبَرَكَاتُهُ عَلَيْكُمْ أَهْلَ الْبَيْتِ ۚ إِنَّهُ حَمِيدٌ مَجِيدٌ
Олар періштелер : «Сен Аллаһтың әміріне таңқалып тұрсың ба? Ей, үй иелері! Сендерге Аллаһтың мейірімі және берекелері болсын. Шын мәнінде, Ол аса Мақтаулы, өте Даңқты», деді
فَلَمَّا ذَهَبَ عَنْ إِبْرَاهِيمَ الرَّوْعُ وَجَاءَتْهُ الْبُشْرَىٰ يُجَادِلُنَا فِي قَوْمِ لُوطٍ
Ибраһимнен қорқыныш кетіп, оған сүйінішті хабар келген кезде, ол Бізбен Лұт елі жайында сөз қозғай бастады
إِنَّ إِبْرَاهِيمَ لَحَلِيمٌ أَوَّاهٌ مُنِيبٌ
Анығында, Ибраһим ұстамды, беріле бойсұнушы әрі Раббысына әрдайым қайтушы еді
يَا إِبْرَاهِيمُ أَعْرِضْ عَنْ هَٰذَا ۖ إِنَّهُ قَدْ جَاءَ أَمْرُ رَبِّكَ ۖ وَإِنَّهُمْ آتِيهِمْ عَذَابٌ غَيْرُ مَرْدُودٍ
Олар періштелер : «Ей, Ибраһим! мұны қой! Ақиқатында, Раббыңның әмірі келді, оларға кері қайтарылмайтын азап келе жатыр», деді
وَلَمَّا جَاءَتْ رُسُلُنَا لُوطًا سِيءَ بِهِمْ وَضَاقَ بِهِمْ ذَرْعًا وَقَالَ هَٰذَا يَوْمٌ عَصِيبٌ
Біздің елшілеріміз Лұтқа келгенде, ол олардың келуімен қынжылып әрі шарасыздана: «бұл бір ауыр күн», деді

Choose other languages: