Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #80 Translated in Kazakh

يَا إِبْرَاهِيمُ أَعْرِضْ عَنْ هَٰذَا ۖ إِنَّهُ قَدْ جَاءَ أَمْرُ رَبِّكَ ۖ وَإِنَّهُمْ آتِيهِمْ عَذَابٌ غَيْرُ مَرْدُودٍ
Олар періштелер : «Ей, Ибраһим! мұны қой! Ақиқатында, Раббыңның әмірі келді, оларға кері қайтарылмайтын азап келе жатыр», деді
وَلَمَّا جَاءَتْ رُسُلُنَا لُوطًا سِيءَ بِهِمْ وَضَاقَ بِهِمْ ذَرْعًا وَقَالَ هَٰذَا يَوْمٌ عَصِيبٌ
Біздің елшілеріміз Лұтқа келгенде, ол олардың келуімен қынжылып әрі шарасыздана: «бұл бір ауыр күн», деді
وَجَاءَهُ قَوْمُهُ يُهْرَعُونَ إِلَيْهِ وَمِنْ قَبْلُ كَانُوا يَعْمَلُونَ السَّيِّئَاتِ ۚ قَالَ يَا قَوْمِ هَٰؤُلَاءِ بَنَاتِي هُنَّ أَطْهَرُ لَكُمْ ۖ فَاتَّقُوا اللَّهَ وَلَا تُخْزُونِ فِي ضَيْفِي ۖ أَلَيْسَ مِنْكُمْ رَجُلٌ رَشِيدٌ
Сонда қауымы оған асыға жетіп келді. Олар жаман істерді бұрыннан жасайтын. Ол Лұт : «Әй, елім! Мына менің қыздарым, олар сендер үшін таза. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар ! Әрі қонақтарыма қатысты мені қорламаңдар. Араларыңда бір дұрыс кісі болмағаны ма?» деді
قَالُوا لَقَدْ عَلِمْتَ مَا لَنَا فِي بَنَاتِكَ مِنْ حَقٍّ وَإِنَّكَ لَتَعْلَمُ مَا نُرِيدُ
Олар: «Қыздарында біздің хақымыз олардың бізге, біздің Оларға қажетіміз жоқ екенін білесің ғой. Негізінде, біздің не қалайтынымызды сен жақсы білесің», деді
قَالَ لَوْ أَنَّ لِي بِكُمْ قُوَّةً أَوْ آوِي إِلَىٰ رُكْنٍ شَدِيدٍ
Ол Лұт : «Әттең! Менде сендерге қарсы бір күш-қуат болса еді. Немесе мықты бір таянышым болса еді», деді

Choose other languages: