Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #76 Translated in Kazakh

قَالَتْ يَا وَيْلَتَىٰ أَأَلِدُ وَأَنَا عَجُوزٌ وَهَٰذَا بَعْلِي شَيْخًا ۖ إِنَّ هَٰذَا لَشَيْءٌ عَجِيبٌ
Ол Ибраһимнің жұбайы : «бұл бір ғажап екен?! Өзім кемпір, ал мына күйеуім шал болса, сонда да туамын ба? Анығында, бұл таңқаларлық нәрсе екен!» деді
قَالُوا أَتَعْجَبِينَ مِنْ أَمْرِ اللَّهِ ۖ رَحْمَتُ اللَّهِ وَبَرَكَاتُهُ عَلَيْكُمْ أَهْلَ الْبَيْتِ ۚ إِنَّهُ حَمِيدٌ مَجِيدٌ
Олар періштелер : «Сен Аллаһтың әміріне таңқалып тұрсың ба? Ей, үй иелері! Сендерге Аллаһтың мейірімі және берекелері болсын. Шын мәнінде, Ол аса Мақтаулы, өте Даңқты», деді
فَلَمَّا ذَهَبَ عَنْ إِبْرَاهِيمَ الرَّوْعُ وَجَاءَتْهُ الْبُشْرَىٰ يُجَادِلُنَا فِي قَوْمِ لُوطٍ
Ибраһимнен қорқыныш кетіп, оған сүйінішті хабар келген кезде, ол Бізбен Лұт елі жайында сөз қозғай бастады
إِنَّ إِبْرَاهِيمَ لَحَلِيمٌ أَوَّاهٌ مُنِيبٌ
Анығында, Ибраһим ұстамды, беріле бойсұнушы әрі Раббысына әрдайым қайтушы еді
يَا إِبْرَاهِيمُ أَعْرِضْ عَنْ هَٰذَا ۖ إِنَّهُ قَدْ جَاءَ أَمْرُ رَبِّكَ ۖ وَإِنَّهُمْ آتِيهِمْ عَذَابٌ غَيْرُ مَرْدُودٍ
Олар періштелер : «Ей, Ибраһим! мұны қой! Ақиқатында, Раббыңның әмірі келді, оларға кері қайтарылмайтын азап келе жатыр», деді

Choose other languages: