Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #43 Translated in Kazakh

فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ مَنْ يَأْتِيهِ عَذَابٌ يُخْزِيهِ وَيَحِلُّ عَلَيْهِ عَذَابٌ مُقِيمٌ
Сендер жақында қорлаушы азаптың кімге келетінін және тұрақты мәңгілік азаптың кімнің басына түсетінін білесіңдер!» деді
حَتَّىٰ إِذَا جَاءَ أَمْرُنَا وَفَارَ التَّنُّورُ قُلْنَا احْمِلْ فِيهَا مِنْ كُلٍّ زَوْجَيْنِ اثْنَيْنِ وَأَهْلَكَ إِلَّا مَنْ سَبَقَ عَلَيْهِ الْقَوْلُ وَمَنْ آمَنَ ۚ وَمَا آمَنَ مَعَهُ إِلَّا قَلِيلٌ
Қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап шыққан кезде, Біз оған: «Оған кемеге әрбір түрден жұбымен және үйішіңнен өздеріне байланысты сөз бекітіліп қойғандардан басқаларын және иманға келгендерді мінгіз», дедік. Онымен бірге иманға аз ғана адам келген еді
وَقَالَ ارْكَبُوا فِيهَا بِسْمِ اللَّهِ مَجْرَاهَا وَمُرْسَاهَا ۚ إِنَّ رَبِّي لَغَفُورٌ رَحِيمٌ
Әрі ол: «Оған мініңдер. Ол Аллаһтың есімімен жүзеді және тоқтайды. Ақиқатында, Раббым өте Кешірімді, ерекше Мейірімді», деді
وَهِيَ تَجْرِي بِهِمْ فِي مَوْجٍ كَالْجِبَالِ وَنَادَىٰ نُوحٌ ابْنَهُ وَكَانَ فِي مَعْزِلٍ يَا بُنَيَّ ارْكَبْ مَعَنَا وَلَا تَكُنْ مَعَ الْكَافِرِينَ
Ол кеме оларды таулардай толқындарда алып жүзді. Сонда Нұх оқшауланып, шетте тұрған ұлына: «Әй, балам! Бізбен бірге кемеге мін әрі кәпірлермен бірге болма!» деп үн қатты
قَالَ سَآوِي إِلَىٰ جَبَلٍ يَعْصِمُنِي مِنَ الْمَاءِ ۚ قَالَ لَا عَاصِمَ الْيَوْمَ مِنْ أَمْرِ اللَّهِ إِلَّا مَنْ رَحِمَ ۚ وَحَالَ بَيْنَهُمَا الْمَوْجُ فَكَانَ مِنَ الْمُغْرَقِينَ
Ол: «Мен тауға шығып паналаймын, ол мені судан сақтайды», деді. Нұх : «Бүгін Аллаһтың әмірінен сақтаушы жоқ. Тек қана, Ол рақым еткендер ғана апаттан құтқарылады », деді. Сол кезде екеуінің арасын толқын бөліп, ол суға батырылғандардан болды

Choose other languages: