Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #33 Translated in Kazakh

وَيَا قَوْمِ لَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مَالًا ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَى اللَّهِ ۚ وَمَا أَنَا بِطَارِدِ الَّذِينَ آمَنُوا ۚ إِنَّهُمْ مُلَاقُو رَبِّهِمْ وَلَٰكِنِّي أَرَاكُمْ قَوْمًا تَجْهَلُونَ
Әй, елім! Мен сендерден бұл үшін дүние сұрамаймын. Анығында, менің сыйым бір Аллаһта. Сондай-ақ, иманға келгендерді қасымнан қуушы емеспін. Ақиқатында, олар өздерінің Раббысына жолығушылар. Ал, сендерді надандық етушілер ретінде көремін
وَيَا قَوْمِ مَنْ يَنْصُرُنِي مِنَ اللَّهِ إِنْ طَرَدْتُهُمْ ۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Әй, елім! Егер оларды қусам, мені Аллаһтан кім қорғайды? Еске алмайсыңдар ма ғибрат алмайсыңдар ма
وَلَا أَقُولُ لَكُمْ عِنْدِي خَزَائِنُ اللَّهِ وَلَا أَعْلَمُ الْغَيْبَ وَلَا أَقُولُ إِنِّي مَلَكٌ وَلَا أَقُولُ لِلَّذِينَ تَزْدَرِي أَعْيُنُكُمْ لَنْ يُؤْتِيَهُمُ اللَّهُ خَيْرًا ۖ اللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا فِي أَنْفُسِهِمْ ۖ إِنِّي إِذًا لَمِنَ الظَّالِمِينَ
Сендерге: «Менде Аллаһтың қазыналары бар демеймін және ғайыпты да білмеймін. Әрі: «Мен бір періштемін», деп те айтпаймын. Сондай-ақ, сендер көздеріңе ілмей, қор санайтындарың туралы: «Аллаһ оларға жақсылық бермейді», деп айтпаймын. Аллаһ олардың көкіректеріндегіні жүректеріндегіні жақсы біледі. Әйтпесе, егер, олай десем , онда мен сөзсіз әділетсіздерден боламын», деді
قَالُوا يَا نُوحُ قَدْ جَادَلْتَنَا فَأَكْثَرْتَ جِدَالَنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ
Олар: «Ей, Нұх! Сен бізбен дауласып, тартысты көбейтіп жібердің. Шын сөзділерден болсаң, енді бізге уәде етіп отырғаныңды айтқан азапты келтір», деді
قَالَ إِنَّمَا يَأْتِيكُمْ بِهِ اللَّهُ إِنْ شَاءَ وَمَا أَنْتُمْ بِمُعْجِزِينَ
Ол: «Оны азапты сендерге егер қаласа, тек Аллаһтың Өзі келтіреді. Әрі сендер Оның азабын әлсірете алмайсыңдар

Choose other languages: