Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #34 Translated in Kazakh

وَيَا قَوْمِ مَنْ يَنْصُرُنِي مِنَ اللَّهِ إِنْ طَرَدْتُهُمْ ۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Әй, елім! Егер оларды қусам, мені Аллаһтан кім қорғайды? Еске алмайсыңдар ма ғибрат алмайсыңдар ма
وَلَا أَقُولُ لَكُمْ عِنْدِي خَزَائِنُ اللَّهِ وَلَا أَعْلَمُ الْغَيْبَ وَلَا أَقُولُ إِنِّي مَلَكٌ وَلَا أَقُولُ لِلَّذِينَ تَزْدَرِي أَعْيُنُكُمْ لَنْ يُؤْتِيَهُمُ اللَّهُ خَيْرًا ۖ اللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا فِي أَنْفُسِهِمْ ۖ إِنِّي إِذًا لَمِنَ الظَّالِمِينَ
Сендерге: «Менде Аллаһтың қазыналары бар демеймін және ғайыпты да білмеймін. Әрі: «Мен бір періштемін», деп те айтпаймын. Сондай-ақ, сендер көздеріңе ілмей, қор санайтындарың туралы: «Аллаһ оларға жақсылық бермейді», деп айтпаймын. Аллаһ олардың көкіректеріндегіні жүректеріндегіні жақсы біледі. Әйтпесе, егер, олай десем , онда мен сөзсіз әділетсіздерден боламын», деді
قَالُوا يَا نُوحُ قَدْ جَادَلْتَنَا فَأَكْثَرْتَ جِدَالَنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ
Олар: «Ей, Нұх! Сен бізбен дауласып, тартысты көбейтіп жібердің. Шын сөзділерден болсаң, енді бізге уәде етіп отырғаныңды айтқан азапты келтір», деді
قَالَ إِنَّمَا يَأْتِيكُمْ بِهِ اللَّهُ إِنْ شَاءَ وَمَا أَنْتُمْ بِمُعْجِزِينَ
Ол: «Оны азапты сендерге егер қаласа, тек Аллаһтың Өзі келтіреді. Әрі сендер Оның азабын әлсірете алмайсыңдар
وَلَا يَنْفَعُكُمْ نُصْحِي إِنْ أَرَدْتُ أَنْ أَنْصَحَ لَكُمْ إِنْ كَانَ اللَّهُ يُرِيدُ أَنْ يُغْوِيَكُمْ ۚ هُوَ رَبُّكُمْ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Мен сендерге кеңес беруді қалағаныммен, егер Аллаһ сендерді адастыруды қаласа, онда насихатым сендерге пайда бермейді. Ол сендердің Раббың. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар», деді

Choose other languages: