Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #36 Translated in Kazakh

قَالُوا يَا نُوحُ قَدْ جَادَلْتَنَا فَأَكْثَرْتَ جِدَالَنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ
Олар: «Ей, Нұх! Сен бізбен дауласып, тартысты көбейтіп жібердің. Шын сөзділерден болсаң, енді бізге уәде етіп отырғаныңды айтқан азапты келтір», деді
قَالَ إِنَّمَا يَأْتِيكُمْ بِهِ اللَّهُ إِنْ شَاءَ وَمَا أَنْتُمْ بِمُعْجِزِينَ
Ол: «Оны азапты сендерге егер қаласа, тек Аллаһтың Өзі келтіреді. Әрі сендер Оның азабын әлсірете алмайсыңдар
وَلَا يَنْفَعُكُمْ نُصْحِي إِنْ أَرَدْتُ أَنْ أَنْصَحَ لَكُمْ إِنْ كَانَ اللَّهُ يُرِيدُ أَنْ يُغْوِيَكُمْ ۚ هُوَ رَبُّكُمْ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Мен сендерге кеңес беруді қалағаныммен, егер Аллаһ сендерді адастыруды қаласа, онда насихатым сендерге пайда бермейді. Ол сендердің Раббың. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар», деді
أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَاهُ ۖ قُلْ إِنِ افْتَرَيْتُهُ فَعَلَيَّ إِجْرَامِي وَأَنَا بَرِيءٌ مِمَّا تُجْرِمُونَ
Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», деп айта ма? Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер оны ойдан шығарған болсам, қылмысым өзіме. Ал, сендер істеп жатқан қылмысқа менің қатысым жоқ», деп
وَأُوحِيَ إِلَىٰ نُوحٍ أَنَّهُ لَنْ يُؤْمِنَ مِنْ قَوْمِكَ إِلَّا مَنْ قَدْ آمَنَ فَلَا تَبْتَئِسْ بِمَا كَانُوا يَفْعَلُونَ
Сонда Нұхқа уахи етілді: «Еліңнен иманға келгендерден басқалары, енді иманға келмейді. Сен олардың істеп жатқандарына қайғырма

Choose other languages: