Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #32 Translated in Kazakh

قَالَ يَا قَوْمِ أَرَأَيْتُمْ إِنْ كُنْتُ عَلَىٰ بَيِّنَةٍ مِنْ رَبِّي وَآتَانِي رَحْمَةً مِنْ عِنْدِهِ فَعُمِّيَتْ عَلَيْكُمْ أَنُلْزِمُكُمُوهَا وَأَنْتُمْ لَهَا كَارِهُونَ
Нұх: «Әй, елім! Егер мен Раббымнан келген анық дәлелдің үстінде болсам және Ол маған Өзінен, сендер көре алмайтын бір мейірім пайғамбарлық берсе, сонда оны жақтырмасаңдар да сендерге міндеттейік пе
وَيَا قَوْمِ لَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مَالًا ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَى اللَّهِ ۚ وَمَا أَنَا بِطَارِدِ الَّذِينَ آمَنُوا ۚ إِنَّهُمْ مُلَاقُو رَبِّهِمْ وَلَٰكِنِّي أَرَاكُمْ قَوْمًا تَجْهَلُونَ
Әй, елім! Мен сендерден бұл үшін дүние сұрамаймын. Анығында, менің сыйым бір Аллаһта. Сондай-ақ, иманға келгендерді қасымнан қуушы емеспін. Ақиқатында, олар өздерінің Раббысына жолығушылар. Ал, сендерді надандық етушілер ретінде көремін
وَيَا قَوْمِ مَنْ يَنْصُرُنِي مِنَ اللَّهِ إِنْ طَرَدْتُهُمْ ۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Әй, елім! Егер оларды қусам, мені Аллаһтан кім қорғайды? Еске алмайсыңдар ма ғибрат алмайсыңдар ма
وَلَا أَقُولُ لَكُمْ عِنْدِي خَزَائِنُ اللَّهِ وَلَا أَعْلَمُ الْغَيْبَ وَلَا أَقُولُ إِنِّي مَلَكٌ وَلَا أَقُولُ لِلَّذِينَ تَزْدَرِي أَعْيُنُكُمْ لَنْ يُؤْتِيَهُمُ اللَّهُ خَيْرًا ۖ اللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا فِي أَنْفُسِهِمْ ۖ إِنِّي إِذًا لَمِنَ الظَّالِمِينَ
Сендерге: «Менде Аллаһтың қазыналары бар демеймін және ғайыпты да білмеймін. Әрі: «Мен бір періштемін», деп те айтпаймын. Сондай-ақ, сендер көздеріңе ілмей, қор санайтындарың туралы: «Аллаһ оларға жақсылық бермейді», деп айтпаймын. Аллаһ олардың көкіректеріндегіні жүректеріндегіні жақсы біледі. Әйтпесе, егер, олай десем , онда мен сөзсіз әділетсіздерден боламын», деді
قَالُوا يَا نُوحُ قَدْ جَادَلْتَنَا فَأَكْثَرْتَ جِدَالَنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ
Олар: «Ей, Нұх! Сен бізбен дауласып, тартысты көбейтіп жібердің. Шын сөзділерден болсаң, енді бізге уәде етіп отырғаныңды айтқан азапты келтір», деді

Choose other languages: