Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #116 Translated in Kazakh

فَاسْتَقِمْ كَمَا أُمِرْتَ وَمَنْ تَابَ مَعَكَ وَلَا تَطْغَوْا ۚ إِنَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
Сен өзіңе бұйырылғандай туралықты ұстан әрі сенімен бірге тәубе еткендер де туралықты ұстансын . Әрі шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Ол не істеп жатқандарыңды Көруші
وَلَا تَرْكَنُوا إِلَى الَّذِينَ ظَلَمُوا فَتَمَسَّكُمُ النَّارُ وَمَا لَكُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ مِنْ أَوْلِيَاءَ ثُمَّ لَا تُنْصَرُونَ
Әділетсіздік еткендерге сүйенбеңдер. Онда сендерге тозақ оты тиеді әрі сендерге Аллаһтан өзге қамқоршылар болмайды. Содан кейін сендерге көмек көрсетілмейді
وَأَقِمِ الصَّلَاةَ طَرَفَيِ النَّهَارِ وَزُلَفًا مِنَ اللَّيْلِ ۚ إِنَّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ السَّيِّئَاتِ ۚ ذَٰلِكَ ذِكْرَىٰ لِلذَّاكِرِينَ
Ей, Мұхаммед! Күндіздің екі шетінде және түннің белгілі мезгілдерінде намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орында. Ақиқатында, жақсылықтар жамандықтарды кетіреді. Міне, осы еске алушылар үшін еске салу, ескерту
وَاصْبِرْ فَإِنَّ اللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ الْمُحْسِنِينَ
Ей, Мұхаммед! Сабыр ет. Ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейді
فَلَوْلَا كَانَ مِنَ الْقُرُونِ مِنْ قَبْلِكُمْ أُولُو بَقِيَّةٍ يَنْهَوْنَ عَنِ الْفَسَادِ فِي الْأَرْضِ إِلَّا قَلِيلًا مِمَّنْ أَنْجَيْنَا مِنْهُمْ ۗ وَاتَّبَعَ الَّذِينَ ظَلَمُوا مَا أُتْرِفُوا فِيهِ وَكَانُوا مُجْرِمِينَ
Сендерге дейінгі ұрпақтардың ішінде, жер бетінде бұзықтықтан қайтаратын даналық иелері болғанда елдеріне зор пайда әкелер еді . Алайда құтқарғанымыздан олардан өте азы болды. Ал, әділетсіздік еткендер, өздеріне берілген сән-салтанат, рахатқа ерді, сөйтіп қылмыскер болды

Choose other languages: