Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #115 Translated in Kazakh

وَإِنَّ كُلًّا لَمَّا لَيُوَفِّيَنَّهُمْ رَبُّكَ أَعْمَالَهُمْ ۚ إِنَّهُ بِمَا يَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Раббың барлығына, олардың амалдарына сай толық қайтарымын береді. Шын мәнінде, Ол олардың не істеп жатқандарынан Хабардар
فَاسْتَقِمْ كَمَا أُمِرْتَ وَمَنْ تَابَ مَعَكَ وَلَا تَطْغَوْا ۚ إِنَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
Сен өзіңе бұйырылғандай туралықты ұстан әрі сенімен бірге тәубе еткендер де туралықты ұстансын . Әрі шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Ол не істеп жатқандарыңды Көруші
وَلَا تَرْكَنُوا إِلَى الَّذِينَ ظَلَمُوا فَتَمَسَّكُمُ النَّارُ وَمَا لَكُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ مِنْ أَوْلِيَاءَ ثُمَّ لَا تُنْصَرُونَ
Әділетсіздік еткендерге сүйенбеңдер. Онда сендерге тозақ оты тиеді әрі сендерге Аллаһтан өзге қамқоршылар болмайды. Содан кейін сендерге көмек көрсетілмейді
وَأَقِمِ الصَّلَاةَ طَرَفَيِ النَّهَارِ وَزُلَفًا مِنَ اللَّيْلِ ۚ إِنَّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ السَّيِّئَاتِ ۚ ذَٰلِكَ ذِكْرَىٰ لِلذَّاكِرِينَ
Ей, Мұхаммед! Күндіздің екі шетінде және түннің белгілі мезгілдерінде намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орында. Ақиқатында, жақсылықтар жамандықтарды кетіреді. Міне, осы еске алушылар үшін еске салу, ескерту
وَاصْبِرْ فَإِنَّ اللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ الْمُحْسِنِينَ
Ей, Мұхаммед! Сабыр ет. Ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейді

Choose other languages: