Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #52 Translated in Kazakh

قَالَ الَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا إِنَّا كُلٌّ فِيهَا إِنَّ اللَّهَ قَدْ حَكَمَ بَيْنَ الْعِبَادِ
Өздерін жоғары санағандар: «Біз бәріміз оның тозақтың ішіндеміз. Ақиқатында, Аллаһ құларының арасына үкім шығарып қойған», дейді
وَقَالَ الَّذِينَ فِي النَّارِ لِخَزَنَةِ جَهَنَّمَ ادْعُوا رَبَّكُمْ يُخَفِّفْ عَنَّا يَوْمًا مِنَ الْعَذَابِ
Әрі Оттың тозақтың ішіңдегілер Жаһаннам күзетшілеріне: «Өздеріңнің Раббыңнан сұраңдаршы, бізге азаптан бір күн жеңілдетсін», дейді
قَالُوا أَوَلَمْ تَكُ تَأْتِيكُمْ رُسُلُكُمْ بِالْبَيِّنَاتِ ۖ قَالُوا بَلَىٰ ۚ قَالُوا فَادْعُوا ۗ وَمَا دُعَاءُ الْكَافِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَالٍ
Олар күзетші періштелер : «Сендерге елшілерің анық дәлелдермен келген жоқ па еді?» дейді. Тозақтағылар : «Иә, келген », дейді. Олар: «Онда өздерің тілеңдер. Бірақ кәпірлердің тілегі тек адасушылықтан басқа ешнәрсе емес», дейді
إِنَّا لَنَنْصُرُ رُسُلَنَا وَالَّذِينَ آمَنُوا فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَيَوْمَ يَقُومُ الْأَشْهَادُ
Ақиқатында, Біз елшілерімізге әрі иманға келгендерге осы өмірде де, әрі куәлар тұратын күні де жәрдем береміз
يَوْمَ لَا يَنْفَعُ الظَّالِمِينَ مَعْذِرَتُهُمْ ۖ وَلَهُمُ اللَّعْنَةُ وَلَهُمْ سُوءُ الدَّارِ
Ол күні әділетсіздерге сылтау айтып, ақталулары пайда бермейді. Оларға лағнет болады әрі оларға тұрақтың жаманы тозақ болады

Choose other languages: