Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #34 Translated in Kazakh

وَقَالَ الَّذِي آمَنَ يَا قَوْمِ إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ مِثْلَ يَوْمِ الْأَحْزَابِ
Сонда иманға келген кісі: «Әй, елім! Мен сендерге, алдыңғы өздеріңдей қауымдарға түскен күннің келуінен қорқамын
مِثْلَ دَأْبِ قَوْمِ نُوحٍ وَعَادٍ وَثَمُودَ وَالَّذِينَ مِنْ بَعْدِهِمْ ۚ وَمَا اللَّهُ يُرِيدُ ظُلْمًا لِلْعِبَادِ
Нұх елі, Ад пен Сәмүд елдері және олардан кейінгілердің жағдайы сияқты болуынан. Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуді қаламайды
وَيَا قَوْمِ إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ يَوْمَ التَّنَادِ
Әй, елім! Мен сендер үшін бірі-біріне үн қататын Күннен қорқамын
يَوْمَ تُوَلُّونَ مُدْبِرِينَ مَا لَكُمْ مِنَ اللَّهِ مِنْ عَاصِمٍ ۗ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ هَادٍ
Ол күні сендер арттарыңа бұрылып қашасыңдар. Сендерді Аллаһтан қорғаушы болмайды. Аллаһ кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ
وَلَقَدْ جَاءَكُمْ يُوسُفُ مِنْ قَبْلُ بِالْبَيِّنَاتِ فَمَا زِلْتُمْ فِي شَكٍّ مِمَّا جَاءَكُمْ بِهِ ۖ حَتَّىٰ إِذَا هَلَكَ قُلْتُمْ لَنْ يَبْعَثَ اللَّهُ مِنْ بَعْدِهِ رَسُولًا ۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ اللَّهُ مَنْ هُوَ مُسْرِفٌ مُرْتَابٌ
Сендерге Мұсадан бұрын Йусуф те анық дәлелдермен келген еді, бірақ сендер оның өздеріңе әкелгеніне үнемі күмәнда болдыңдар. Ал, ол қайтыс болғанда, сендер: «Аллаһ одан кейін Елші жібермейді», дедіңдер. Аллаһ осылай шектен шығушыны, күмәнданушыны адастырады

Choose other languages: