Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #33 Translated in Kazakh

يَا قَوْمِ لَكُمُ الْمُلْكُ الْيَوْمَ ظَاهِرِينَ فِي الْأَرْضِ فَمَنْ يَنْصُرُنَا مِنْ بَأْسِ اللَّهِ إِنْ جَاءَنَا ۚ قَالَ فِرْعَوْنُ مَا أُرِيكُمْ إِلَّا مَا أَرَىٰ وَمَا أَهْدِيكُمْ إِلَّا سَبِيلَ الرَّشَادِ
Әй, елім! Бүгін билік сендерде, әрі жер бетінде үстем болып тұрсыңдар. Егер бізге Аллаһтың жазасы келсе, одан бізді кім құтқарады?» деді. Фиръаун: «Мен сендерге өзім қажет, жөн деп білгенімді көрсетемін әрі сендерді тек дұрысжолға бастаймын», деді
وَقَالَ الَّذِي آمَنَ يَا قَوْمِ إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ مِثْلَ يَوْمِ الْأَحْزَابِ
Сонда иманға келген кісі: «Әй, елім! Мен сендерге, алдыңғы өздеріңдей қауымдарға түскен күннің келуінен қорқамын
مِثْلَ دَأْبِ قَوْمِ نُوحٍ وَعَادٍ وَثَمُودَ وَالَّذِينَ مِنْ بَعْدِهِمْ ۚ وَمَا اللَّهُ يُرِيدُ ظُلْمًا لِلْعِبَادِ
Нұх елі, Ад пен Сәмүд елдері және олардан кейінгілердің жағдайы сияқты болуынан. Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуді қаламайды
وَيَا قَوْمِ إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ يَوْمَ التَّنَادِ
Әй, елім! Мен сендер үшін бірі-біріне үн қататын Күннен қорқамын
يَوْمَ تُوَلُّونَ مُدْبِرِينَ مَا لَكُمْ مِنَ اللَّهِ مِنْ عَاصِمٍ ۗ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ هَادٍ
Ол күні сендер арттарыңа бұрылып қашасыңдар. Сендерді Аллаһтан қорғаушы болмайды. Аллаһ кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ

Choose other languages: