Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #16 Translated in Kazakh

ذَٰلِكُمْ بِأَنَّهُ إِذَا دُعِيَ اللَّهُ وَحْدَهُ كَفَرْتُمْ ۖ وَإِنْ يُشْرَكْ بِهِ تُؤْمِنُوا ۚ فَالْحُكْمُ لِلَّهِ الْعَلِيِّ الْكَبِيرِ
Бұл сендерге Аллаһтың бір Өзіне шақырылғанда күпірлік еткендіктерің иманға келмегендерің , ал Оған өзгелер серік етіліп қосылса, сенгендіктеріңнің себебінен. Барлық үкім аса Жоғары, өте Үлкен Аллаһтікі
هُوَ الَّذِي يُرِيكُمْ آيَاتِهِ وَيُنَزِّلُ لَكُمْ مِنَ السَّمَاءِ رِزْقًا ۚ وَمَا يَتَذَكَّرُ إِلَّا مَنْ يُنِيبُ
Ол сондай, сендерге Өзінің белгі-дәлелдерін көрсетеді және аспаннан сендерге ризық түсіреді. Алайда, Раббысына қайтушылардан басқалар есіне алмайды
فَادْعُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ وَلَوْ كَرِهَ الْكَافِرُونَ
Сондықтан, дінді ықыласпен ұстанған серік қосу, риядан тазартқан күйде, тек Аллаһтан тілеңдер. Тіпті кәпірлер жек көргенмен де
رَفِيعُ الدَّرَجَاتِ ذُو الْعَرْشِ يُلْقِي الرُّوحَ مِنْ أَمْرِهِ عَلَىٰ مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ لِيُنْذِرَ يَوْمَ التَّلَاقِ
Дәреже-мәртебелері өте жоғары, Аршының иесі Ол Өз әмірімен құлдарының ішінен қалағанына пайғамбарларға кездесу Күнін Қайта тірілу күнін ескертіп, сақтандыру үшін рух уахи түсіреді
يَوْمَ هُمْ بَارِزُونَ ۖ لَا يَخْفَىٰ عَلَى اللَّهِ مِنْهُمْ شَيْءٌ ۚ لِمَنِ الْمُلْكُ الْيَوْمَ ۖ لِلَّهِ الْوَاحِدِ الْقَهَّارِ
Олар қабірден шығарылатын сол қайта тірілу күні, Аллаһтан еш нәрсе жасырын қалмайды. Аллаһ : «Бүгін билік кімдікі?» — деп сұрайды. Кейін Өзі жауап береді : « Жалғыз әрі бәрін Бағындырушы Аллаһтікі» деп

Choose other languages: