Quran Apps in many lanuages:

Surah Fatir Ayahs #10 Translated in Kazakh

إِنَّ الشَّيْطَانَ لَكُمْ عَدُوٌّ فَاتَّخِذُوهُ عَدُوًّا ۚ إِنَّمَا يَدْعُو حِزْبَهُ لِيَكُونُوا مِنْ أَصْحَابِ السَّعِيرِ
Ақиқатында, шайтан сендерге жау, сондықтан оны жау тұтыңдар. Ол өз тобын оған ерушілерді Саъирға кіргізілетіндер қатарында болуға шақырады
الَّذِينَ كَفَرُوا لَهُمْ عَذَابٌ شَدِيدٌ ۖ وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَأَجْرٌ كَبِيرٌ
Сондай күпірлік етушілерге иманды теріске шығарушыларға қатты азап бар. Ал, иманға келген және ізгі амал істегендерге кешірім әрі үлкен сый бар
أَفَمَنْ زُيِّنَ لَهُ سُوءُ عَمَلِهِ فَرَآهُ حَسَنًا ۖ فَإِنَّ اللَّهَ يُضِلُّ مَنْ يَشَاءُ وَيَهْدِي مَنْ يَشَاءُ ۖ فَلَا تَذْهَبْ نَفْسُكَ عَلَيْهِمْ حَسَرَاتٍ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ بِمَا يَصْنَعُونَ
Жаман істері әдемі етіп көрсетіліп, оны жақсы деп білген біреу ше? Анығында Аллаһ қалағанын адастырады әрі қалағанын тура жолмен жүргізеді. Ендеше олар үшін жаныңды қинап күйінбе. Ақиқатында Аллаһ олардың не істеп жатқандарын Білуші
وَاللَّهُ الَّذِي أَرْسَلَ الرِّيَاحَ فَتُثِيرُ سَحَابًا فَسُقْنَاهُ إِلَىٰ بَلَدٍ مَيِّتٍ فَأَحْيَيْنَا بِهِ الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا ۚ كَذَٰلِكَ النُّشُورُ
Әрі Аллаһ сондай, желдерді жіберіп, ол желдер бұлттарды қозғалысқа салады. Сөйтіп Біз оны тіршіліксіз өлкеге айдап барып, онымен ол жерді өлгеннен тіршіліксіз қалғаннан кейін қайта тірілтеміз. Кайта тірілту де осылай болады
مَنْ كَانَ يُرِيدُ الْعِزَّةَ فَلِلَّهِ الْعِزَّةُ جَمِيعًا ۚ إِلَيْهِ يَصْعَدُ الْكَلِمُ الطَّيِّبُ وَالْعَمَلُ الصَّالِحُ يَرْفَعُهُ ۚ وَالَّذِينَ يَمْكُرُونَ السَّيِّئَاتِ لَهُمْ عَذَابٌ شَدِيدٌ ۖ وَمَكْرُ أُولَٰئِكَ هُوَ يَبُورُ
Кім үстемдікті қаласа, үстемдік толығымен Аллаһта. жақсы сөз Оған қарай шығады, ал ізгі амал оны аса ұлы Аллаһқақарай көтереді. Айла-шарғы арқылы жамандықтар жасайтындарға қатты азап бар. Әрі олардың айла-шарғылары босқа кетеді

Choose other languages: