Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zukhruf Ayahs #23 Translated in Kazakh

وَجَعَلُوا الْمَلَائِكَةَ الَّذِينَ هُمْ عِبَادُ الرَّحْمَٰنِ إِنَاثًا ۚ أَشَهِدُوا خَلْقَهُمْ ۚ سَتُكْتَبُ شَهَادَتُهُمْ وَيُسْأَلُونَ
Әрі олар мүшріктер әр-Рахманның құлдары болып табылатын періштелерді әйел затына теңеді. Олар бұлардың жаратылуын көрген бе еді? Олардың куәліктері жазылады және олар бұдан сұралады
وَقَالُوا لَوْ شَاءَ الرَّحْمَٰنُ مَا عَبَدْنَاهُمْ ۗ مَا لَهُمْ بِذَٰلِكَ مِنْ عِلْمٍ ۖ إِنْ هُمْ إِلَّا يَخْرُصُونَ
Әрі олар: «Егер де әр-Рахман қалағанда, біз оларға табынбас едік», деді. Оларда бұл туралы ешбір білім жоқ. Олар тек өтірік айтады
أَمْ آتَيْنَاهُمْ كِتَابًا مِنْ قَبْلِهِ فَهُمْ بِهِ مُسْتَمْسِكُونَ
Немесе Біз оларға бұдан бұрын бір Кітап беріп, олар соны ұстанып келе ме
بَلْ قَالُوا إِنَّا وَجَدْنَا آبَاءَنَا عَلَىٰ أُمَّةٍ وَإِنَّا عَلَىٰ آثَارِهِمْ مُهْتَدُونَ
Жоқ! Олар: «Біз аталарымызды бір дінде таптық әрі біз олардың іздерімен жүріп келе жатырмыз», -деді
وَكَذَٰلِكَ مَا أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ فِي قَرْيَةٍ مِنْ نَذِيرٍ إِلَّا قَالَ مُتْرَفُوهَا إِنَّا وَجَدْنَا آبَاءَنَا عَلَىٰ أُمَّةٍ وَإِنَّا عَلَىٰ آثَارِهِمْ مُقْتَدُونَ
Ей, Мұхаммед! Осылай сенен бұрын бір елді мекенге ескертуші жіберсек, ондағы сән-салтанат, рахатқа шалқып жүргендер: «Біз аталарымызды бір дінде таптық әрі біз олардың салған іздерімен жүреміз», деді

Choose other languages: