Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #37 Translated in Kazakh

وَالَّذِي جَاءَ بِالصِّدْقِ وَصَدَّقَ بِهِ ۙ أُولَٰئِكَ هُمُ الْمُتَّقُونَ
Ал шындықты алып келген және оны хақ деп мойындағандар міне, солар нағыз тақуалар Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандар
لَهُمْ مَا يَشَاءُونَ عِنْدَ رَبِّهِمْ ۚ ذَٰلِكَ جَزَاءُ الْمُحْسِنِينَ
Оларға өздерінің Раббысында қалағандары бар. Бұл ықыласпен жақсылық істеушілерге берілетін қайтарым сый
لِيُكَفِّرَ اللَّهُ عَنْهُمْ أَسْوَأَ الَّذِي عَمِلُوا وَيَجْزِيَهُمْ أَجْرَهُمْ بِأَحْسَنِ الَّذِي كَانُوا يَعْمَلُونَ
Бұл Аллаһ олардың істеген амалдарының ең жаманын кешіруі әрі қайтарым сыйларын олардың жасаған амалдарынан да жақсы етіп беруі үшін
أَلَيْسَ اللَّهُ بِكَافٍ عَبْدَهُ ۖ وَيُخَوِّفُونَكَ بِالَّذِينَ مِنْ دُونِهِ ۚ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ هَادٍ
Аллаһ Өзінің құлына жеткілікті емес пе? Ей, Мұхаммед!! Ал, олар сені Одан өзгелермен қорқытады. Аллаһ кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ
وَمَنْ يَهْدِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ مُضِلٍّ ۗ أَلَيْسَ اللَّهُ بِعَزِيزٍ ذِي انْتِقَامٍ
Ал кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны адастырушы жоқ. Аллаһ бәрінен Үстем ’Азиз , жазалау күшіне ие емес пе

Choose other languages: