Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #40 Translated in Kazakh

أَلَيْسَ اللَّهُ بِكَافٍ عَبْدَهُ ۖ وَيُخَوِّفُونَكَ بِالَّذِينَ مِنْ دُونِهِ ۚ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ هَادٍ
Аллаһ Өзінің құлына жеткілікті емес пе? Ей, Мұхаммед!! Ал, олар сені Одан өзгелермен қорқытады. Аллаһ кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ
وَمَنْ يَهْدِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ مُضِلٍّ ۗ أَلَيْسَ اللَّهُ بِعَزِيزٍ ذِي انْتِقَامٍ
Ал кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны адастырушы жоқ. Аллаһ бәрінен Үстем ’Азиз , жазалау күшіне ие емес пе
وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ ۚ قُلْ أَفَرَأَيْتُمْ مَا تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ إِنْ أَرَادَنِيَ اللَّهُ بِضُرٍّ هَلْ هُنَّ كَاشِفَاتُ ضُرِّهِ أَوْ أَرَادَنِي بِرَحْمَةٍ هَلْ هُنَّ مُمْسِكَاتُ رَحْمَتِهِ ۚ قُلْ حَسْبِيَ اللَّهُ ۖ عَلَيْهِ يَتَوَكَّلُ الْمُتَوَكِّلُونَ
Егер олардан: «Аспандарды және жерді кім жаратты?» деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», -деп айтады. Ей, Мұхаммед! Айт: «Сендер Аллаһтан өзге шақырғандарың табынғандарың жайлы ойладыңдар ма, егер Аллаһ маған бір зиян тигізуді қаласа, олар Аллаһтан өзге табынғандарың Оның зиянын кетіре ала ма? Әлде, Ол маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?» деп. Айт: «Аллаһ маған жеткілікті. Сенім артып жүгінушілер тәуекел етушілер Оған жүгініп, істерін тапсырады тәуекел етеді », деп
قُلْ يَا قَوْمِ اعْمَلُوا عَلَىٰ مَكَانَتِكُمْ إِنِّي عَامِلٌ ۖ فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ
Айт: «Әй, елім! Өз әлдеріңше қалауларыңша амалдарыңды жасай беріңдер. Мен де амалымды жасаймын. Жақында білесіңдер
مَنْ يَأْتِيهِ عَذَابٌ يُخْزِيهِ وَيَحِلُّ عَلَيْهِ عَذَابٌ مُقِيمٌ
қорлайтын азаптың кімге келетінін әрі тұрақты мәңгілік азаптың да кімге түсетінін», деп

Choose other languages: