Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #27 Translated in Kazakh

اللَّهُ نَزَّلَ أَحْسَنَ الْحَدِيثِ كِتَابًا مُتَشَابِهًا مَثَانِيَ تَقْشَعِرُّ مِنْهُ جُلُودُ الَّذِينَ يَخْشَوْنَ رَبَّهُمْ ثُمَّ تَلِينُ جُلُودُهُمْ وَقُلُوبُهُمْ إِلَىٰ ذِكْرِ اللَّهِ ۚ ذَٰلِكَ هُدَى اللَّهِ يَهْدِي بِهِ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ هَادٍ
Аллаһ сөздің ең жақсысын бір-біріне ұқсаған мағынасы бір әрі қайталанып айтылатын Кітап етіп түсірді. Өздерінің Раббысынан қорқатындардың одан терілері жиырылады. Ал, кейін олардың терілері мен жүректері Аллаһты еске алуға жұмсарады. Бұл Құран Аллаһтың тура жолы. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оны тура жолға салушы жоқ
أَفَمَنْ يَتَّقِي بِوَجْهِهِ سُوءَ الْعَذَابِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۚ وَقِيلَ لِلظَّالِمِينَ ذُوقُوا مَا كُنْتُمْ تَكْسِبُونَ
Қиямет күні азаптың жамандығынан бетімен қорғанатын біреу қандай? Әділетсіздерге: «Істегендеріңді татыңдар!» делінеді
كَذَّبَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَأَتَاهُمُ الْعَذَابُ مِنْ حَيْثُ لَا يَشْعُرُونَ
Олардан Мекке мүшріктерінен бұрынғылар да елшілерді өтірік санаған еді. Сонда оларға азап өздері сезбеген жақтан келді
فَأَذَاقَهُمُ اللَّهُ الْخِزْيَ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ وَلَعَذَابُ الْآخِرَةِ أَكْبَرُ ۚ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ
Әрі Аллаһ оларға осы өмірде қорлық таттырды. Ал соңғы, мәңгілік өмір ақирет азабы одан да үлкен, егер де олар білсе
وَلَقَدْ ضَرَبْنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا الْقُرْآنِ مِنْ كُلِّ مَثَلٍ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ
Әрі Біз адамдарға еске алуы ғибраттануы үшін осы Құранда әрбір түрлі мысалдан келтірдік

Choose other languages: