Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #90 Translated in Kazakh

وَإِذَا أُنْزِلَتْ سُورَةٌ أَنْ آمِنُوا بِاللَّهِ وَجَاهِدُوا مَعَ رَسُولِهِ اسْتَأْذَنَكَ أُولُو الطَّوْلِ مِنْهُمْ وَقَالُوا ذَرْنَا نَكُنْ مَعَ الْقَاعِدِينَ
«Аллаһқа сеніңдер және Оның Елшісімен бірге соғысыңдар» делінген бір сүре түсірілген кезде, олардың ішіндегі дәулеттілері сенен сұранып: «Бізді қалдыр, отырушылармен соғысқа бара алмайтындармен бірге болайық», деді
رَضُوا بِأَنْ يَكُونُوا مَعَ الْخَوَالِفِ وَطُبِعَ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لَا يَفْقَهُونَ
Олар мұнафиқтар қалушылармен бірге болғанға разы болды. Олардың жүректері мөрленіп бітелген. Олар түсінбейді
لَٰكِنِ الرَّسُولُ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ جَاهَدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ ۚ وَأُولَٰئِكَ لَهُمُ الْخَيْرَاتُ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Ал, Елші және онымен бірге иманға келгендер мал-дүниелері әрі жандарымен соғысты. Осыларға осы өмірде және ақиретте жақсылықтар бар. Міне, нақ осылар-жетістікке жетушілер
أَعَدَّ اللَّهُ لَهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا ۚ ذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Аллаһ олар үшін астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын Жәннат бақтарын әзірледі. Міне, осы ұлы жетістік
وَجَاءَ الْمُعَذِّرُونَ مِنَ الْأَعْرَابِ لِيُؤْذَنَ لَهُمْ وَقَعَدَ الَّذِينَ كَذَبُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ سَيُصِيبُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Әрі бәдәуилерден уәж айтушылар өздеріне соғысқа шықпауға рұқсат берілуі үшін келді. Сондай-ақ Аллаһқа және Оның Елшісіне өтірік айтқандар да қалып қойды. Олардан күпірлік еткендер Елшіге өтірік айтқандар жақында қинаушы азапқа ұшырайды

Choose other languages: