Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #92 Translated in Kazakh

لَٰكِنِ الرَّسُولُ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ جَاهَدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ ۚ وَأُولَٰئِكَ لَهُمُ الْخَيْرَاتُ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Ал, Елші және онымен бірге иманға келгендер мал-дүниелері әрі жандарымен соғысты. Осыларға осы өмірде және ақиретте жақсылықтар бар. Міне, нақ осылар-жетістікке жетушілер
أَعَدَّ اللَّهُ لَهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا ۚ ذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Аллаһ олар үшін астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын Жәннат бақтарын әзірледі. Міне, осы ұлы жетістік
وَجَاءَ الْمُعَذِّرُونَ مِنَ الْأَعْرَابِ لِيُؤْذَنَ لَهُمْ وَقَعَدَ الَّذِينَ كَذَبُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ سَيُصِيبُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Әрі бәдәуилерден уәж айтушылар өздеріне соғысқа шықпауға рұқсат берілуі үшін келді. Сондай-ақ Аллаһқа және Оның Елшісіне өтірік айтқандар да қалып қойды. Олардан күпірлік еткендер Елшіге өтірік айтқандар жақында қинаушы азапқа ұшырайды
لَيْسَ عَلَى الضُّعَفَاءِ وَلَا عَلَى الْمَرْضَىٰ وَلَا عَلَى الَّذِينَ لَا يَجِدُونَ مَا يُنْفِقُونَ حَرَجٌ إِذَا نَصَحُوا لِلَّهِ وَرَسُولِهِ ۚ مَا عَلَى الْمُحْسِنِينَ مِنْ سَبِيلٍ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Әлсіздерге, ауруларға және жорыққа бару үшін жұмсауға еш нәрсе таба алмағандарға, егер олар Аллаһқа және Оның Елшісіне адал болса ешбір күнә жоқ. Жақсылықты ықыласпен істеушілерге қарсы жол жоқ. Аллаһ өте Кешірімді ,ерекше Мейірімді
وَلَا عَلَى الَّذِينَ إِذَا مَا أَتَوْكَ لِتَحْمِلَهُمْ قُلْتَ لَا أَجِدُ مَا أَحْمِلُكُمْ عَلَيْهِ تَوَلَّوْا وَأَعْيُنُهُمْ تَفِيضُ مِنَ الدَّمْعِ حَزَنًا أَلَّا يَجِدُوا مَا يُنْفِقُونَ
Ей, Мұхаммед! Әрі мінетін көлік беруің үшін саған келіп, сен: «Сендерге мінер көлік тауып бере алмаймын», деп айтқаныңда, өздері де сарып қыларлық нәрсе таба алмағандықтан күйінген түрде көз жастарын төгіп қайтқандарға да кінә жоқ

Choose other languages: