Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #51 Translated in Kazakh

لَوْ خَرَجُوا فِيكُمْ مَا زَادُوكُمْ إِلَّا خَبَالًا وَلَأَوْضَعُوا خِلَالَكُمْ يَبْغُونَكُمُ الْفِتْنَةَ وَفِيكُمْ سَمَّاعُونَ لَهُمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ
Егер олар сендермен бірге шыққанда да бұзып-бүлдіруден басқаны арттырмас еді және сендерге іріткі салуға ұмтылып, араларыңда асығып жүретін еді. Сендердің іштеріңде оларға құлақ асатындар да бар. Ал, Аллаһ әділетсіздерді жақсы Білуші
لَقَدِ ابْتَغَوُا الْفِتْنَةَ مِنْ قَبْلُ وَقَلَّبُوا لَكَ الْأُمُورَ حَتَّىٰ جَاءَ الْحَقُّ وَظَهَرَ أَمْرُ اللَّهِ وَهُمْ كَارِهُونَ
Ей, Мұхаммед! Олар ілгеріде де ақиқат келіп, Аллаһтың ісі үстем болғанға дейін жек көріп, іріткі салуға ұмтылатын және саған қарсы істерді аударып, төңкеретін айла құратын еді
وَمِنْهُمْ مَنْ يَقُولُ ائْذَنْ لِي وَلَا تَفْتِنِّي ۚ أَلَا فِي الْفِتْنَةِ سَقَطُوا ۗ وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمُحِيطَةٌ بِالْكَافِرِينَ
Олардың мұнафиқтардың ішінде: «Маған рұқсат бер, мені бүлікке салма», дейтіндер де бар. Негізінде, олар әлдеқашан бүлікке түскен. Шын мәнінде, Жаһаннам (тозаққа) кәпірлерді қоршап тұрады
إِنْ تُصِبْكَ حَسَنَةٌ تَسُؤْهُمْ ۖ وَإِنْ تُصِبْكَ مُصِيبَةٌ يَقُولُوا قَدْ أَخَذْنَا أَمْرَنَا مِنْ قَبْلُ وَيَتَوَلَّوْا وَهُمْ فَرِحُونَ
Ей, Мұхаммед! Егер саған бір жақсылық келсе, бұл оларды ренжітеді. Ал, егер саған бір ауыртпалық жетсе, олар: «Негізінде, біз ісімізді алдын ала ыңғайлапалған едік», деп, қуанған түрде бұрылып кетеді
قُلْ لَنْ يُصِيبَنَا إِلَّا مَا كَتَبَ اللَّهُ لَنَا هُوَ مَوْلَانَا ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ
Айт: «Бізге Аллаһтың жазғанынан басқа нәрсе тимейді. Ол біздің Иеміз! Имандылар мүміндер Аллаһқа жүгініп, өздерін Оған тапсырсын тәуекел етсін », деп

Choose other languages: