Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #53 Translated in Kazakh

وَمِنْهُمْ مَنْ يَقُولُ ائْذَنْ لِي وَلَا تَفْتِنِّي ۚ أَلَا فِي الْفِتْنَةِ سَقَطُوا ۗ وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمُحِيطَةٌ بِالْكَافِرِينَ
Олардың мұнафиқтардың ішінде: «Маған рұқсат бер, мені бүлікке салма», дейтіндер де бар. Негізінде, олар әлдеқашан бүлікке түскен. Шын мәнінде, Жаһаннам (тозаққа) кәпірлерді қоршап тұрады
إِنْ تُصِبْكَ حَسَنَةٌ تَسُؤْهُمْ ۖ وَإِنْ تُصِبْكَ مُصِيبَةٌ يَقُولُوا قَدْ أَخَذْنَا أَمْرَنَا مِنْ قَبْلُ وَيَتَوَلَّوْا وَهُمْ فَرِحُونَ
Ей, Мұхаммед! Егер саған бір жақсылық келсе, бұл оларды ренжітеді. Ал, егер саған бір ауыртпалық жетсе, олар: «Негізінде, біз ісімізді алдын ала ыңғайлапалған едік», деп, қуанған түрде бұрылып кетеді
قُلْ لَنْ يُصِيبَنَا إِلَّا مَا كَتَبَ اللَّهُ لَنَا هُوَ مَوْلَانَا ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ
Айт: «Бізге Аллаһтың жазғанынан басқа нәрсе тимейді. Ол біздің Иеміз! Имандылар мүміндер Аллаһқа жүгініп, өздерін Оған тапсырсын тәуекел етсін », деп
قُلْ هَلْ تَرَبَّصُونَ بِنَا إِلَّا إِحْدَى الْحُسْنَيَيْنِ ۖ وَنَحْنُ نَتَرَبَّصُ بِكُمْ أَنْ يُصِيبَكُمُ اللَّهُ بِعَذَابٍ مِنْ عِنْدِهِ أَوْ بِأَيْدِينَا ۖ فَتَرَبَّصُوا إِنَّا مَعَكُمْ مُتَرَبِّصُونَ
Айт, ол мұнафиқтарға : «Сендер бізге екі жақсылықтың біреуінің болуын күтудесіңдер ме? Ал, біз сендерге Аллаһтың Өз тарапынан немесе біздің қолдарымыз арқылы азап жеткізілуін күтудеміз. Ендеше, күтіңдер. Біз де сендермен бірге күтушіміз», деп
قُلْ أَنْفِقُوا طَوْعًا أَوْ كَرْهًا لَنْ يُتَقَبَّلَ مِنْكُمْ ۖ إِنَّكُمْ كُنْتُمْ قَوْمًا فَاسِقِينَ
Айт, ол мұнафиқтарға : «Ерікті немесе еріксіз түрде дүниелеріңді жұмсаңдар. Сендерден ешқашан қабыл етілмейді. Өйткені сендер бұзық бойсұнбаушы адамсыңдар», деп

Choose other languages: